Мазмұны

Жалпы ақпарат

Диагностикасы

Емдеу

Алдын алу

Жалпы ақпарат
515
Хеликобактер пилори (Н.pelori) – асқазан ауруын тудыратын бактерия. Олар шамамен жер шарындағы 2/3 елдімекенде кездеседі және олар таза емес азық-түлік пен лас судан беріледі, бірақ ғалымдар бұл жайындағы нақты ақпаратты әлі толық бере алмады. Хеликобактер пилори (Н.pelori) асқазанның ойық жарасын және 12 елі ішек ауруын, сондай-ақ асқазанның қауіпті ісігін тудыратын бактерия болып табылады.

Диагностикасы
Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасының симптомдары кезінде дәрігер сіздің қаныңыздағы Н.pelori-ге қарсы иммунглобулиндерді тексереді, хеликобактериозға тыныс алдыру арқылы тест өткізеді немесе Н.pelori-ге қарсы антигенді анықтау үшін нәжіс үлгісін алады.

Емдеу
Емдеудің ең тиімді әдісі антибиотиктер мен антацидті дәрілерді үйлестіре қолдану (асқазан сөліндегі қышқылды азайтуға бағытталған) әдісі болып табылады. Емделу курсынан өткеннен кейін сіз қайта тексеруден өткеніңіз жөн, инфекцияның толық жойылғанынан көз жеткізу үшін.

Алдын алу
H. pylori-дан қорғану үшін, сіз төмендегідей шараларды қолдансаңыз болады:
• Жуынатын бөлмеден шыққан сайын, әр тамақтанудың алдында қлыңызды жуыңыз;
• Дұрыс дайындалған тамақты жеңіз;
• Тек таза суды ішіп жүруге тырыссыңыз.

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/helicobacterpyloriinfections.html

Тегтер:
НP
ХП
хелткобактер пилори
ойық жара
асқазан
асқазан ойық жарасы
ойық жаралы ауру
асқазанның ойық жарасын емдеу