Мазмұны
Дәрігерге қашан қаралу керек
Жалпы ақпарат
Гингивостаматит – ауыз қуысы мен қызыл иектің инфекциялық ауруы, ойық жараның түзілуімен, тіндердің ісінуімен сипатталады. Аурудың қоздырушысы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.
Себептері
Гингивостоматит балаларда жиі кездеседі. Ол (ВПГ-1) типті қарапайым герпес вирусының жұғуынан туындауы мүмкін. Одан, сондай-ақ герпестикалық жара да пайда болуы ықтимал.
Бұл ауру Коксаки вирусын жұқтырған кезде де дауы мүмкін.
Негізінен көп адамдарда, ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтамағандығынан туындап жатады.
Симптомдары
Бұл аурудың симптомдары жеңіл де, ауыр түрде де көрініс береді:
• Ауыз қуысында жағымсыз иістің болуы;
• Қалтырау;
• Ыңғайсыздықты сезіну, мазасыздану және игерімсіздік орын алуы мүмкін;
• Таңдайда немесе қызыл иекте ойық жаралар пайда болады;
• Тәбет жоғалып, ауыз қуысы ауырады.
Диагностикасы
Дәрігер ауыз қуысыңыздан кішкентай жараларды анықтау үшін тексеріс жүргізеді. Олардың сыртқы түрі басқа аурулардан пайда болған жараға ұқсайды. Жөтел, қалтырау немесе бұлшықеттердің ауруы ауыз қуысындағы басқа да аурулардың пайда болғандыңының дәлілі бола алады.
Көбінесе гигивостоматитпен зақымдануды анықтау үшін басқа тексерулер қажет бола бермейді. Десе де, вирусты немесе бактериялық кезеңдерді сәйкестердіру үшін дәрігер жарадан тіндердің азғантай бөлшегін алуы мүмкін. Ауыз қуысының басқа да жараламен зақымдануына биопсия жүргізіледі.
Емдеу
Емдеудің басты мақсаты ауру симптомдарын тоқтатуға бағытталады.
Сіз үй жағдайында өздігіңізден төмендегідей шараларды қолдансаңыз болады:
• Ауыз қуысының гигиенасын сақтаңыз. Қызыл иекті мүқият тазалап тұрыңыз, сонда ғана сіз басқа инфекциялардың жұқтырудың алдын аласыз.
• Егер дәрігер ешқандай зиянды жайтты анықтамаса, сіз тек ауыз қуысыңызды шайып, ауруды жеңілдетсеңіз болады;
• Ауыз қуыссындағы жағымсыз ыңғайссыздықты болдырмау үшін тұзды сумен шайсаңыз болады. (стақандағы суға бір шай қасық тұз салып) немесе шаюға арналған сутек тотығымен шайсаңызда құпталады;
• Денсаулық диетасын сақтаңыз. Жұмсақ, жағымсыз азық-түліктер жеген кезде ыңғайсыздықты туындатуы мүмкін.
Сізге антибиотиктер тағайындауы да әбден мүмкін:
Тіс дәрігеріне инфицирлерген тіндердің бөлігін жоюға тура келеді. Бұл жараны хирургиялық өңдеуден өткізу деп аталады.
Болжамы
Гингивостоматиттің ауырлығы жеңілден ауыр түрге көтерілуі мүмкін, ауру ақырындап ауырмай дами түседі. Ауру емделсе, жаралар негізінде 2-3 аптаның ішінде өздігінен жазылады.
Мүмкін болатын асқынулар
Гингивостоматит ауыз қуысынан басқа жерді де басып кетуі мүмкін. Ол ауыз қуысы жараларының салмақты түріне ауысуы ықтимал.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жайттар туындаса дәрігерге хабарласыңыз:
• Сіздің ауыз қуысыңызда ойық жара пайда болса, қалтырай бастасыңыз немесе басқа да белгілер орын алса;
• Ауыз қуысындағы ойық жаралар үлкейіп бара жатса немесе 3 апта бойы дәрілік терапия әсер бермесе;
Балалардың ауыз қуысындағы мәселелер (ерлерде/әйелдерде)
Тегтер:
гингивит
стоматит
тіс ауруы
тіс өңезі
қотыр
стоматология
емі