Мазмұны

Жалпы ақпарат

Асқынуы

Ауыз қуысының гигиенасы жайындағы кеңестер

Жалпы ақпарат
Тістердің бұзылуы, қызыл иектің қабынуы негізінен тіс өңезі мен тіске жабысқан тамақтан қалған бактериялардың әсерінен болып жатады. Тіс қақтары тамақтан кейін 20 минут өткенде түзіле бастайды. Егер бұл өңезді әр күн сайын тазалап отырмаса, тістің бұзылуына себеп болады. Өңездің сіресіп қатуынан тіс тастары пайда болады.
рот
Тіс, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Біз тіс арқылы тамақты шайнап, қажетті азықты бөліп, қажетінше дәмін сезінеміз. Жақсы гигиена сақтау арқылы ауыз қуысында түрлі бактериялардың дамуын тежей аламыз және ауыз қауысы мен тістерімізді зақымданудан қорғаймыз.

Асқынуы
Тіс өңезі мен тіс тастарының түзілуі төмендегідей асқынуларды туындатуы ықтимал:
• Ауыз қуысында саңлаудың болуы, одан тістердің құрылымы бұзылады;
• Гингивит – қабыну, қызару, қызыл иектің қанауы;
• Периодонтит – тісті ұстап тұратын жақ сүйектері байламдарының бұзылуы, бұдан тістердің түсуі жиі орын алады;
• Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс (халитоз);
• Абсцесстер, ауырсыну, шайнай алмай қалу;
• Жүктілікті көтере алмаудан жүрек ауруларына дейінгі көптеген денсаулыққа байланысты мәселелер

Ауыз қуысы гигиенасы жайындағы келелі кеңестер
Ауыз қуысын таза ұстаса ешқандай мәселесіз, тістер тап-таза көрініп тұрады. Сау қызыл иек күлгін түсті және мықты болады. Тістеріңіз бен қызыл иектеріңізді аман сақтау үшін төмендегідей кеңестерді оқыңыз:
• Тісті күніне екі рет тазалаңыз, әсіресе тамақтан кейін және ұйқыдан тұрғанда;
• Тіс тазалағыш жіпті кем дегенде күніне бір рет қоланыңыз;
• Тісіңізді жоспарлы түрде тексерткен кезде тіс дәрігерінің зақымдауынан сақтаныңыз. Көптеген тіс дәрігерлері кәсіби тіс тазалауын 6 айдан кем уақытта өткізбейді.
• Тісс протездерін таза ұстаңыз. Оларды арнайы ертінділермен тұрақты түрде тазалап, өңдеп тұрыңыз.
Тіс дәрігеріңізбен төмендегідей сұрақтар төңірегінде сұхбаттасыңыз:
• Қандай тіс шеткассын пайдалану керек. Және оны қандай жерге қою қажет. Сізге электірлі тіс щеткасы ыңғайлы бола ма. Ондай тіс щеткалары, қолмен пайдаланатын щеткадан қарағанда қаншалықты тиімді.
• Тіс жіптерін қалай дұрыс пайдаланады. Қатты немесе ақырын тартқылаудан қызыл иекке зақым келіп қалмай ма?
• Ауыз қуысын шаю үшін қандайда бір арнайы заттарды немесе қажетті құралдарды пайдалануым керек пе?
• Есте сақтайтын нәрсе, кейбір тіс пасталары және ауыз қуысын шаятын заттар адамға зиянын тигізіп жатады, оларды қолданған дұрыс па?

Тісті тұрақты тазалу, тіс дәрігерімен бірге тіс қақтарын жою, тістің ыңғайсыз жерлерін тазалау, тіс арасына кірген заттарды тіс жіптерімен тазалап тұру гигиенаның тиімді жолдарының бірі болып табалады. Тісті кәсіби түрде тазалату арқылы тістің жылтырлығын арттыруға болады. Тістегі қатқан, майласқан заттарды алу үшін тіс дәрігері арнайы құрылғыларды пайдаланады. Кейде дәрігер жақты рентгенологиялық түсірілімнен өткізуді талап етуі мүмкін.
Жас балалар мен сәбилердің ауыз қуысында туындаған мәселелер (ерлерде/әйелдерде)
Ауыз қуысындағы проблемалар (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
ауыз қуысының гигиенасы
тістің күтімі
тісті қалай тазалау керек
Алматыдағы стоматология