Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу


Импетиго – терінің кең таралған инфекциялық ауруы.

557

Суретте: терінің құрылымы


Себептері

Импетигоның қоздырғышы стрептококк немесе стафилококк бактериясы болып тадылады. Барынша көп таралған қоздырғыш метициллин-резистентті алтын түсті стафликокк (МРАС) болып есептеледі.

Әдетте терінің үстіңгі жағында бактериялардың көптеген түрлері мекендейді. Тері зақымдалған кезде, бактериялар ағзаға еніп кетеді. Мұның салдарынан инфицирлену және қабыну пайда болады. Терінің зақымдануы мынадай жағдайлардан туындауы мүмкін:

• Жануарларды тістеуі;
• Адамның тістеуі;
• Теріні жаралап немесе жарақаттап алу;
• Жәндіктердің шағуы.

Импетиго терінің бетінде көрінетін зақым болмаса да пайда болуы мүмкін.

Ауру көбінесе жағдайы жоқ елді-мекендерде, балалар арасында таралады.

Ересектер импетигомен терінің басқа мәселелері туындағаннан кейін зақымданады. Сондай-ақ, ол суық тигеннен немесе басқа да вирустық инфекциялар жұққаннан туындайтын көрінеді.

Импетиго – жұқпаты ауру. Егер сіздің денеңіздегі күлдіреуіктердегі жиналған сұйықтықтар , дене терісінің басқа ашық жеріне тисе одан да зақымдану процесі туындайды.


Симптомдары

Импетиго мына симптомдармен байланысты:

• Ішіне ірің толған, бір немесе бірнеше жарылған күлдіреуіктер. Балалардың терісіндегі жарылған күлдіреуіктердің орны қызылқай немесе қабықшалы болып көрініп тұрады.

Қышитын күлдіреулер:

• Бал түстес, немесе сарғыш сұйықтық толып тұрады;
• Суланып тұрады және қызыл қабыршықтанып тұрады;
• Бөртпе секілді көрінеді, бір дақ сияқты болып басталып, кейін айналып, көлемін ұлғайтып, қаптап кетеді;
• Бет терісінде, ерінде, қолда немесе аяқта жара болып, барлық денеге тарайды;
• Инфекцияланған жердің айналасындағы лимфатикалық түйіндер үлкейеді.


Диагностикасы

Импетиканы диагностикалау үшін, дәрігер теріге жалпы тексеру жүргізеді.
Диагностикалау үшін дәрігер терідегі бактерияның үлгісін алуы мүмкін, оны зероханада тексеріп, қоздырғыштың түп негізін анықтайды. Бұл әдіс арқылы МРЗС ауруының себептерін анықтауға болады. Аталмыш түрдері инфекцияға арнайы антибиотиктерді қолдану керек.


Емделуі

Емдеудің басты мақсаты инфекцияны және ауру симптомдарын жеңілдету болып табылады.

Дәрігер сізге бактерияға қарсы кремді тағайындайды. Инфекцияның ағымы ауыр болса, сізге ішке ендірілетін антибиотиктер тағайындалады.

Теріңізді күніне неше рет антибактерялық сабынмен жуыңыз, сонада іріндер дренаждалып шығады да, қабықшалар алынады.


Болжамы

Импетиго кезіндегі жаралар ақырындап жазылады. Тыртықтар қалмауы да мүмкін. Емделу көрсеткіші әлде-қайда жоғары, бірақ кішкентай балаларда ауру қайталануы мүмкін.


Мүмкін болатын асқынулар

• Бүйрек жетіспеушілігі (кей жағдайда, постстрептококктік гломерулонефрит);
• Импетиго кең көлемді алады (балаларда)
• Терінің үздіксіз зақымдануы және тыртықтануы (өте сирек жағдайда)
• Дененің басқа бөліктеріне инфекцияның таралуы.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Импетигоның симптомдары пайда болған кезде дәрігерге қаралыңыз.


Алдын алу

Инфекцияның таралуын тоқтатыңыз.

• Егер сізде импетиго болса, әрқашан таза ысқы мен сүлгіні қолданыңыз;
• Отбасыңыздағы басқа адамдармен сүлгіні, киімді, ұстараны және басқа да жеке гигиеналық заттарды бөліспеуге тырысыңыз.
• Күлдіреген жерлердің дымқыл тұстарына тимеуге тырысыңыз;
• Инфицирленген теріге тигеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.

Теріңізді амал болса таза ұстаңыз, сонда ғана инфекцияның таралуының алдын алтын боласыз. Сырылған немесе кесілген теріңізді сумен, сабынмен жақсылап тұрып жуыңыз. Сіз сондай-ақ, жұмсақ, антибактериялық сабынды да пайдалансаңыз болды.

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000860.htm

Терінің жалпы мәселелері (ерлерде / әйелдерде)
Балалардың ауыз қуысы мәселелері (ерлерде / әйелдерде)


Тегтер:

тері инфекциясы,
иммун жүйесінің әлсіреуі,
жаралар,
қабыршықты көпіршіктер