Карцинома - қатерлі ісік, ішкі ағзалар жасушаларының және адам терісіндегі эпителиальды жасушалардың өлеттенуі.

Базальды жасушалы карцинома – шектелулі және баяу өсетін болып ажыратылады. Ауру тері бетінде кішкентай нақты бір көлемді ғана, үсіңгі жағы күлгін немесе қызыл түсті, сылық түйін болып басталады. Бір қарағанда жартылай мөлдір маржан тас жолағына ұқсайды. Ісік әртүрлі меланды пигменттердің бөлшектерінен құралған, сондықтан оның түсі күлгіннен қара-қоңыр түске дейін өзгереді. Түйіннің өсуі барысында оның ортаңғы бөлігі қабықшамен орылып, қапталған. Тұрақты белгісі – телеангиэтазиямен көрініс береді. Метастаздануы сирек орын алады.

Жалпақ жасушалы карцинома – көпқабатты жалпақ эпителия жассушаларынан тұрады. Ол жиі қабыршықтанады. Ісік жасушалары десмосомалармен бекітілген (жарық микроскопында жасушааралық көпірлермен).Эпителиялық ұяшықтың ортаңғы бөлігі кератиннің концентратты агрегаттарынан құралуы мүмкін. (кератиннің меруерт тастар). Ісік тез өседі де, метастаздалады (гематогенді және лимфогенді).

Өкпе карциномасы. Жалпы алғашқы өкпелік ісік жағдайлары (95%-ға жуығы) 4 басты түрден құралады: эпидермоидты (сквамозный), аденокарцинома (бронхиолоальвеолярлы ісік), ірі және ұсақ жасушалы (сулыжасушалы ісік). Емдік тәсіл гистологиялық классификацияға негізделген. Ұсақжасушалы ісік ағзада таралады, сол кезде ірі жасушалысы орнығуы мүмкін. Эпидермиодты ісік ер адамдар арасында жиі кездеседі; аденокарцинама – әйелдер арасында жиі кездеседі. Эпидермодты және ұсақжасушалы ісіктер, әдеттегі жағдайда, орталық жаңатүзілімдер түріне ауысады; аденокарциномалар және іріжасушалы қауіпті ісік, әдетте, перферикалық түйіндер және масса түрінде дамиды. Эпидермиодты және ірі жасушалы ісіктер аурулардың қуысында 20-30 % түзіледі.

Емделуі алғашқы ісіктің табиғатына байланысты, себебі олардың әр түрі дәрілік терапияны әртүрлі игереді.

Өкпе карциномаларын емдеу. Аурулар ісігінің локализацияланған формасы мен өкпесінің ірі жасушалы қауіпті ісігіне хирургиялық араласулар жүргізіледі. Ірі жасушалы өкпенің қауіпті ісігіне резекция жасауға болмайтын, метастаздалу процессінде немесе хирургиялық араласулардан бас тартқан жағдайда, ауруға емдік терапия немесе қосымша химиотерапия ұсынылады.


Тегтер:

қауіпті ісік,
карцинома,
базальды жасушалы карцинома
жалпақ жасушалы карцинома