Қызылша деген не? Қызылша – бұл жұқпалы вирустық ауру. Ол бөртпенің шығуымен, дене қызуының көтерілуімен, жөтелумен, көздің қызаруымен – коньюктивитпен сипатталады. Қызылша балалардың арасында көп таралғанда, бір қуанышымызға орай қызылшаға қарсы екпе қолданылып, бұл індеттің беті қайтарылды. Қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті түрде қауіпсіз болып саналады, және одан кейбіреулер айтып жүргендей, аутизм туындамайды.
Қызылшаның себепкері – вирус болып табылады. Инфекция ауа түйіршіктері арқылы таралады. Жұққаны мен симптомдарының пайда болуы уақытының арасы 8 ден, 12 күнге дейін. Бұл кезең – инкубациялық деп аталады.
Симптомдары. Қызылша кезінде, әдетте, барлық денеге қышымайтын, қызыл бөртпелер қаптайды. Бөртпелер әдетте, аурудың 5-ші күні пайда болады да, 4-7 күнге дейін созылады. Бөртулер бастан басталады да, дененің барлық бөлігіне таралады. Қызылша бөртпелері, әдетте, макулепапулезды болады, нақтырақ айтсақ, олар жалпақ, түссіз бүртік-бүртік болады және айналасы аздаған қатты қою-қызыл түске бөленеді, сондай-ақ, олар бір-біріне құйылуы да мүмкін.
Қызылшаның басқа симптомдары тұмауға ұқсайды: қызу көтеріледі, түшкіреді, мұрыннан су ағады, тамақ ауырады, жөтел пайда болады, бездер үлкейеді, көз қызарып, тітіркеніп тұрады, шаршағыш келеді, тәбет жоғалады. Қалай жоғарылап бара жатса, қызылшаға анықталады да, қуанышқа орай екпе салынады. Вакцина салынбаған жандарда, әсіресе, ересектер арасында, қызылшаның даму қаупі басым. Ондай жас өспірімдер мен студенттер жұқпаның негізгі көзі болып табылады.
Қызылша есейген кезде ауыр соғады және түрлі асқынулар туындатуы мүмкін. Егер жүкті әйел қызылшамен ауырса, оның түсік тастау қаупі артады, мерзімінен бұрын босануы мүмкін немесе өлі тууы мүмкін. Бір айта кетерлігі қызылша инфекциясы туа біткен ақаулардың дамуына себеп болмайды.
Диагноз клиникалық симптомдардың талдамасының негізінде қойылады, сондай-ақ, зертханалық талдамалар арқылы, қызылшаға қарсы антиденені табу үшін бактериологиялық зерттеу және қан талдамасы жүргізіледі.
Қызылшаны емдеу үшін тынығу керек, парецетамолды көп мөлшерде ішіп, қабылдау керек немесе симптомдарды түсіру үшін басқа да дәрілік препараттар қолданылады. Қызылшамен ауыратын көптеген аурулар, асқындырмай сауығып жатады. Бірақ, сәбилерде, қарт адамдарда және иммун жүйесі бұзылған жандарда түрлі асқыну қауіптіліктері бар, олар мысалы құлақ инфекциясы, тамақтың срептококктік зақымдалуы, пневмония немесе мидың қабынуы (энцефалит) сияқты аурулар.
Алдын алу шарасы – заманауи және дұрыс вакциналау.
Дене қызуының көтерілуімен бірге шығатын бөртпе (ерлерде / әйелдерде)
Естудің жоғалуы (ерлерде /әйелдерде)
Балалрдың дене қызуының көтерілуімен бірге шығатын бөртпе (ерлерде / әйелдерде)