Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу



Жалпы ақпарат

Круп (тамақтың ісіп ауруы) – бұл ауру, тоқтаусыз қатты жөтелген кезде, демнің қысылған кезінде мазалайды. Круп дыбыс байламының айналасындағы тіндердің ісінуінен туындайды. Бұл жағдай сәбилерде және жас балаларда жиі кездеседі.


Себептері

Крупты дамытатын себептерге мыналар жатуы мүмкін:

• Вирусты инфекция (барынша көп таралған себеп)
• Бактериялық инфекция
• Аллергия
• Тыныс алу жолдарын тітіркендіретін бір заттарды ауамен жұтып алғаннан

Круптың туындауының бірден-бір себебі парагрипп вирусы. Ал крупты тудыратын басқа вирусқа РСВ, қызылша вирусы, аденовирус және тұмау вирустары жатады.

Круп бір кездері дифтерия бактериясынан туындап, өлімге апаратын ауру болған. Қазір ол заманауи антибиотиктермен емделеді, оның алдын алу үшін екпе салынады. Қазіргі уақытта, круп көбінесе жеңіл кетеді. Дегенмен, ол әлі де қауіпті болуы мүмкін.

Круп көп жағдайда, 3 айдан 5 жасқа дейінгі балалар арасында және басқада жас топтарында дамиды.Кейбір балаларға круп әбден орнығап қалған, сондықтан олар бұл аурумен бірнеше рет ауруы мүмкін.

АҚШ-та круп қазан және наурыз кезеңдерінің арасында барынша таралған, бірақ ол жылдың басқа мезгілдерінде де кездесуі мүмкін.

Круптың ауыр ағымы жоғарғы тыныс алу жолдарының бактериялық инфекциясынмен байланысты. Бұл жағдай бактериялы кеңірдек деп аталады және емхенелық жағдайда емдеуді қажет етеді, сонымен қатар, ішкі күретамырға антибиотиктер енгізіледі. Қабынған процесс көмеймен қатысты болып кетсе, кеңірдек саңлауы толықтай жабылуы мүмкін, мұндай өмірге қаупті жағдай - эпиглоттит деп аталады.


Симптомдары

Круп «үргендей» жөтел түрінде пайда болады. Бірнеше күн бойы үрмелі жөтел туындайды, мұндай, жеңіл тұмау секілді, симптомдар көбінесе балаларда болады. Жөтел өршіген сайын, баланың тыныс алуы қиындай түседі немесе стридор пайда болады (тосын болатын, кеудедегі дыбыс, ол әсіресе дем шығарған кезде туындайды).

Асқынған жағдай көбінесе түнде орын алады. Көбінесе ол 5 немесе 6 түнге дейін созылады, бірақ аурудың шегі алғашқы 2-ші түнде-ақ білінеді. Кей жағдайда ғана круп аптаға дейін созылады. Егер круп аптадан асып кетсе, қайталанбалы ағымда болс, онда сіз бірден дәрігерге тексеріліңіз, ол бұл жағдайдың себебін анықтап береді.


Диагностикасы

Балаларға дәрігерлік тексеру жасалғаннан кейін диагноз қойылады. Кейде дәрігер крупты, баланың жөтелін телефоннан естіп-ақ анықтай алады. Кей жағдайда диагностикалау үшін, рентгенология сияқты әдістерді өткізу қажет болады.

Жалпы тексеру өткізу арқылы дем алу кезіндегі кеуде жасушаларының қысылуын анықтауға болады. Стетоскоптың көмегімен кеуде жасушасын тыңдағанда созылған дем алу немесе дем шығару, сырыл және демнің біртүрлі шығуы байқалады.

Тамақты қарау кезінде, көмейдің қызарғаны білінуі мүмкін. Мойынға рентгенография өткізген кезде, бөгде дене не болмаса кеңірдек саңлауының тарылғаны көрінуі мүмкін


Емдеу

Көп жағдайда крупты үйде емдесе де жақсы ем қонады, бірақ сіз түнде болса да ем қабылдау жайында дәрігермен хабарласып кеңесіп алғаныңыз дұрыс.

Салқын немесе дымқыл ауа жеңілдік беруі мүмкін. Бастапқыда баланы ванна буына кіргізіп көріңіз немесе салқын түнгі ауа шығарыңыз. Егер сізде ауаылғалдандырғыш болса, баланың жатын бөлмесіне бірнеше түндер бойы қосып қойыңыз.

Ацитаминофеннің баланың жағдайын жеңілдетуге көмегі тиеді, ыстықты басып, тынысын жеңілдетеді. Дәрігермен дәрілерді қолданудың қажеттілігі жайында кеңеспей тұрып, жөтелге қарсы дәрі-дәрмектерді қолданбаңыз.

Стериоидты дәрілік препараттардың әсері өте жақсы болуы мүмкін. Олар круптың симптомдарын жеңілдетеді. Сондай-ақ құрамында аэрозолдары бар дәрілік препараттар да жақсы әсерді игереді.

Аурудың салмақты ағымында ауруғанаға госпитализациялау керек. Симптомдардың көтерілуі, тыныс алу жолдарындағы тұрақты мәселелер, шаршау, терінің көгілдір түске боялуы немесе сусыздану дәрігердің көмегіне жүгінуді немесе ауруханаға жатқызу керектігін білдіреді.

Дәрі-дәрмектер жоғары тыныс алу жолдарының ісігін басу мақсатында қолданылады. Ішке қабылдау үшін аэрозолды рацемикалық эпинефрин, кортикостероидтар тағайындалады. Мысалы, дексаметазон және преднизолон, сондай-ақ, ингаляциялау немесе кортикостероидтың иньекциялық түрі қолданылады. Ылғалды оттегі әдетте, төсектің астында орналасқан оттекті шатырға беріледі. Бактериялық инфекция антибактериялды терапияны тағайындауды қажет етеді.

Тыныс алу жолдарының обструкциясы асқынғанда интубация өткізуді қажет етеді (түтікше мұрын немесе ауыз арқылы, көмекейден өкпеге ауа жіберу үшін кіргізіледі). Сусызданған кезінде тамырға сұйықтық енгізу тағайындалады. Кейбір жағдайларда кортикостероидтерді тағайындайды.


Болжамы

Әдетте, вирусты этиологиялық круп 3-7 күннен кейін сауыға басатайды. Бактериялық этиолгиялық круп кезінде қажетті терапияны қолданса, нәтижесі оң болмақ.
Тыныс алу жолдарының обструкциясын дұрыс емдемеген жағдайда респираторлы дистресс дамуы мүмкін (тыныс алудың қиындауы) немесе тыныс ала алмай қалады.


Мүмкін болатын асқынулар

• Респираторлы дистресс
• Тыныс ала алмау
• Эпиглоттит
• Бактериалы трахеит
• Ателектаз (өкпенің жартылай бөлінуі)
• Сусыздану


Дәрігерге қашан қаралу керек

Круп көбінесе үй жағдайында да жақсы емделеді. Сіз дәрігеріңізбен тек телефон арқылы ғана сөйлесіп, емдеудің жеткілікті қолданымдарын алсаңыз болады.

Төмендегідей жағдайлар орын алса, жедел медициналық көмекке жүгініңіз:

• Круп белгілі бір жәндіктің шағуынын немесе қандай да бір затты жұтынып алғаннан пайда болса;
• Баланың еріндері көгеріп, немесе терісі көгілдір түске боялса;
• Баланың сілекейі ақса;
• Баланың жұтынуында мәслелер туындаса;

Мынадай жағдайлардың ауырлығына байланысты, дереу арада дәрігерге немесе жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарласыңыз:

• Стридор (дем алғанда естілетін дыбыс)
• Тыныс алғанда қабырға араларының тартылуы
• Тыныс алған кезде қосымша күш жұмсау
• Агитация немесе тықыршу
• Үй жағдайындағы терапияның әсері болмауы

Мәселе оңалады деп, таңға дейін күтпеңіз.


Алдын алу

Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз, респираторлы инфекциялы ауру адаммен тығыз байланыста болмаңыз.

Дифтериге, гемофилиялық таяқшаларына және қызылшаға қарсы екпе салдырыңыз.

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000959.htm