Бұл не? Маниакалды-депрессивті синдром қозу кезеңдерімен, сондай-ақ депрессия кезеңдеріне ауысуымен сипатталады. Күтпеген жерден көңіл-күй өзгерістері пайда болады.
Себептері, жиілігі және қауіп факторлары. Маниакалды-депрессивтік синдром көңіл-күйді реттеуге жауап беретін ми аумағының зақымдану нәтижесі болып табылады. Маниакалды күйде маниакалды-депрессивтік синдромы бар адам импульсивті және белсенді болады. Депрессияның фазасы мазасыздықпен, өзін-өзі төмен бағалау және өзіне-өзі қол жұмсау сезімімен сипатталады.
Маниакалды-депрессивтік синдромның екі негізгі типі бар. Бірінші типте депрессияның анық байқалуымен, кем дегенде маниакалды күйдегі бір толық эпизодтың болуы байқалады.Екінші типте адамда маниакалды күйдегі толық эпизоды сирек байқалады. Оның орнына синдромның бірінші формасындағы адамдарда байқалатын, жеткіліксіз шамада байқалатын энергияның және импульсивтіліктің өсуі – гипомания жағдайы болады.
Маниакалды-депрессивті синдромының аз білінетін формасы – циклотимия деп аталады. Ол аз білінетін депрессиямен гипомания кезеңдерін қамтиды.
Маниакалды-депрессивті синдром бір деңгейде ерлер мен әйелдерге әсер етеді және 15 жастан 25 жасқа дейін болатындығы байқалады. Синдромның себебі анық емес, бірақ нақты бір тұқымқуалайтын бейімділіктің бар екені белгілі.
Симптомдары
Маниакалды фаза бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін және төмендегі белгілермен сипатталады:
• Көңіл-күйдің қозуы
• Ақыл-естің ауытқуы
• Жоғары белсенділік
• Адамда энергияның мол болуы
• Өзін-өзі ұстай алмау
• Өзін-өзі алдау, өзінің тым маңызды сезінудегі жалған пікір
• Белсенділік пен құштарлықтың күрт артуы
• Ретсіз, ойсыз жүріп тұру
• Рәсуасыздық
• Шектен тыс тамақтану, ішімдік ішу және наркотикті қолдану
• Ретсіз жыныстық қатынаста болу
• Мұқияттылықтың бұзылуы
• Ұйқыға қажеттіліктің азаюы
• Қозғыштық және тітіркену
• Өзіне-өзі ие болмау
Бұл белгілер бірінші типті маниакалды-депрессивті синдромда байқалады. Екінші типтегі адамдарда гипоманиялық эпизодтар жоғарыда көрсетілген белгілермен сипатталады, бірақ олар аз қарқындылыққа ие.
Депрессивті фаза депрессияның бірқатар белгілерін қамтиды:
• Тұрақты қайғылы күй
• Шаршау және енжарлы
• Ұйқының бұзылуы
• Ұйқышылдық
• Ұйқысыздық
• Тамақтанудың бұзылуы: артық тамақтану немесе тойып жей алмау
• Тәбеттің жоғалуы және салмақ жоғалту
• Артық тамақтану
• Өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі
• Үмітсіздік сезімі, өзін кінәлау
• Мұқияттылықтың, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, шешім қабылдауда қиындықтардың болуы
• Достардың жоқтығы
• Бұрындары рақаттана жасайтын әлеуметтік белсенділіктің болмауы
• Үнемі өлім туралы ойлар
Маниакалды-депрессивті синдромы бар адамдар өз-өзіне қол жұмсау қаупіне жиі ұшырайды. Екі фазада жағдайды ушықтыруға әкелетін спиртті шамадан тыс тұтынумен сипатталады,. Кейде екі фазаның араласып кетуі бар, яғни бір мезгілде маниакалды және депрессивті симптомдар байқалады. Мұны аралас күй деп атайды.
Симптомдар және тесттер. Маниакалды-депрессивті синдром диагнозын қою көптеген факторларды қажет етеді. Диагнозды қою кезінде келесі әрекеттер маңызды рөл атқарады:
• Мінез-құлық пен көңіл-күйді бақылау
• Сырқатнаманы талдау, оның ішінде байқалған симптомдар және оның алдында қандай дәрі-дәрмектердің тағайындалғандығын қарау.
• Көңіл-күйдің бұзылу ұзақтығын бағалау
• Отбасылық бейімділікке мүмкіндігін талдау
• Симптомдардың физикалық себептерін мұқият физикалды тексеру
• Қалқанша безінің бұзылуы мен есірткіні пайдалану мүмкіншілігін зертханалық зерттеулер арқылы қарау
• Отбасылық бейімділік мүмкіндігін зерттеу (бұл отбасы мүшелерімен және туыстарымен жеке сөйлесуді талап етеді).
Емдеу. Маниакалды-депрессивті синдром жиі литий және карбамазепин сияқты көңіл-күйді тұрақтандыратын дәрі-дәрмектермен емделеді. Бұл маниакалды және депрессивті фазаларды өте тиімді емдеуге және болашақ симптомдарын алдын алудың әдісі ретінде қарастырыруға болады.
Антидепрессанттар аурудың депрессивті фазасында тиімді, әсіресе көңіл-күйді тұрақтандырғыштармен бірге қолданған кезде. Соңғысы маниакалды-депрессивті синдромды емдеуде маңызды рөл атқарады. Көңіл күй тұрақтандырғыштарынсыз антидепрессанттар маниакалды симптомдарды тудыруы мүмкін. Антипсихотикалық препараттар шындықты қабылдаудың бұзылуы сиптомдары бар пациенттерге тиімді. Бензодиаземиндер пайдалы болуы мүмкін. Кейде маниакалды-депрессивті синдромы бар пациенттер ауруханаға жатқызуды және ол жақта жағдайдың тұрақтандырылғанына дейін тұруды қажет етеді.
Электротүйілу емдеу әдісі - психиатрияда емделудің ерекше түрі, ол анестезияның аясында сіңір тартылуын тудыратын электр тогын пайдаланады. Бірқатар зерттеулер дәрілер тиімсіз болған жағдайларда электротүйілуі емдеу әдісі депрессияны емдеуде ең тиімдісі болып табылатынын көрсетті.
Жиі жеткілікті ұйқы көмегі арқылы көптеген науқастарды тұрақтандыруға қол жеткізуге болады. Психотерапия маниакалды-депрессивті синдромы бар науқастарға және олардың туыстарында пайдалы болуы мүмкін.
Болжамы. Көңіл-күйді тұрақтандыратын дәрі-дәрмектер симптомдарды бақылауда тиімді болуы мүмкін. Дегенмен, науқастар дұрыс ем алуда, маниакалды күй және депрессияның эпизодтарының уақтылы ескертуде басқа адамдардың көмегіне мұқтаж болады.
Жақсаруды сезінгенде немесе маниакалды күймен байланысты белсенділікке ниет пайда болған кезде, кейбір адамдар ем алуды тоқтатады. Бұл симптомдар жақсаруымен түсіндірілгенімен, олар бірқатар теріс салдарларға ие болуы мүмкін.
Маниакалды-депрессивті синдромының зардаптарынан ең қауіптісі өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар. Маниакалды-депрессивті синдромы бар науқастарда өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар дереу түрде араласуды қажет етеді.
Тегтер:
депрессия
өзіне қол жұмсау
антидепрессанттар
мазасыздану
көңіл-күй