Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Мөлдір қабықтың (көздің мүйізгек қабығы, қасаң қабық) эндотелийлік дистрофиясы (Фукс дистрофиясы) – бұл көз ауруы. Көз жасушаларын іштен қаптап тұрған қасаң қабықтың зақымдануынан пайда болады, зақымданған жасушалар ақырындап өле бастайды. Ауру әдетте екі көзді де зақымдайды.
463


Себептері
Фукс дистрофиясы тұқым қуалауы мүмкін, яғни ата-анадан балаға берілуі ықтимал. Ата-аналардың біреуінде болса, аурудың даму қаупі 50% құрайды..
Дегенмен, Фукс дистрофиясы аурудың отбасы мүшелерінің ешқайсысында болмаса да кездеседі.
Мөлдір қабықтың эндотелийлік дистрофиясы ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Көру қабілетінің проблемалары әдетте 50 жасқа дейін білінбейді, бірақ кейде дәрігер аурудың белгілерін ертерек, 30-40 жаста анықтайды.
Фукс дистрофиясы кезінде қасаң қабықтың артқы бетін қаптап тұрған жасушалардың жұқа қабаты зақымдалады. Бұл жасушалар мөлдір қабықтың артық сұйықтықты шығаруды қамтамасыз етеді. Уақыт өте келе, жасушалардың көп мөлшері өлетіндіктен, сұйықтық жинала бастайды және мөлдір қабықтың ісінуі мен бұлдырауын тудырады.
Бастапқыда, сұйықтық көз жабық кезде, яғни ұйықтаған кезде ғана жиналуы мүмкін. Ауру өршіген сайын кішкене көпіршіктер пайда бола бастайды. Бірте-бірте көпіршіктер өсіп, жарылып, көздің ауырсынуын тудырады. Сондай-ақ, Фукс дистрофиясы кезінде мөлдір қабықтың пішіні өзгеруі мүмкін, бұл көру қабілетінің үдемелі нашарлауына алып келеді.

Симптомдары
• Көз ауырады;
• Көздің жарыққа сезімталдығы пайда болып, көзге ақ дақтар түсе бастайды;
• Көздің қарауытуы немесе бұлдырауы пайда болады (бастапқыда тек таңертеңгі уақытта);
• Жарық көзіне қарағанда, оның айналасында түрлі түсті жиектің (ореол) пайда болғандай көрінеді;
• Көру қабілетінің үдемелі нашарлауы

Диагностикасы
Дәрігер Фукс дистрофиясын саңылаулы лампамен қарап тексеру кезінде анықтай алады.
Қосымша зерттеу әдістеріне мыналар жатада:
• Пахиметрия – шынайнаның қалыңдығын өлшеу;
• Мөлдір қабықтың айналмалы микроскопиясы – қасаң қабықтың артқы бөлігін тыстап жатқан эпителийдің жағдайын бағалау үшін пайдаланылады;
• Көздің жіті көргіштігін анықтау.

Емдеу
Фукс дистрофиясының симптомдарын жеңілдету үшін шынайнадан сұйықтықты соруға қабілетті көз тамшылары немесе маздары қолданылады.
Қасаң қабықта жаралар түзілген кезде ауырсынуды азайту мақсатында, жұмсақ контактілі линзалар немесе хирургиялық ем қолданылады.
Фукс дистрофиясын емдеудің жалғыз жолы қасаң қабықты ауыстыру.
Терең қабатты кератопластика дәстүрлі трансплантацияның балама түрі болып табылады. Бұл процедура барысында қасаң қабықтың терең қабаттары донорлық тінмен ауыстырылады. Процедура тігуді қажет етпейді. Бұл процедурада қабылдамау сияқты асқынулар сирек кездеседі және қалпына келу уақыты тезірек жүреді.

Болжамы
Ауру уақыт өткен сайын өршиді. Ауыр Фукс дистрофиясына ұшыраған науқастардың қасаң қабығын ауыстырмаса, соқыр болып қалуы мүмкін немесе қатты аурусыну туындайды және көздің көру қабілеті нашарлайды.
Фукс дистрофиясының жеңіл жағдайлары жиі катаракталарды хирургиялық емдеуден кейін нашарлайды. Хирург бұл қауіпті ескеріп, операцияның техникасын немесе катарактаның хирургиялық емдеу уақытын өзгертуі керек.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Келесі симптомдар болса, дәрігерге қаралыңыз:
• Көздегі ауыру сезімі күшейсе;
• Көздің жарыққа сезімталдығы артса;
• Көзге бір нәрсе түсіп кеткендей сезім бола берсе;
• Көздің қарауытуы немесе жарық көзінің айналасында ореол пайда болуы сияқты көз проблемалары орын ала берсе;
• Көру қабілеті нашарлап кетсе.

Алдын алу шарасы
Бүгінге дейін бұл аурудың алдын-алу шаралары табылмады. Катарактаны хирургиялық емдеуден бас тарту немесе катарактаны оперативті емдеу кезінде арнайы сақтық шараларын сақтау аурудың ағымын бәсеңдетуге көмектесуі мүмкін.

Тегтер:
көру қабілетінің төмендеуі
соқырлық
қасаң қабықтың қарауытуы
көздің ауырсынуы