Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Емдеу


Жалпы ақпарат

Анкилозды (қозғалтпайтын) спондилит (Бехтерев ауруы) – омыртқа артритінің бір түрі. Бұл ауру кезінде омыртқалар арасында орналасқан омыртқа аралық дискілердің және омыртқа мен жамбастың арасындағы буындардың қабынуы пайда болады. Анкилозды спондилит - иммундық ауру. Ол көбінесе, ерлерде жиі кездеседі және ауыр түрде өтеді. Кейде ауру бір отбасының мүшелерінде қайталануға бейім келеді.

CS


Симптомдары

Ерте симптомдарына арқаның ауырсынуы және ширығу сезімі жатады. Бұл мәселелер көбінесе, жасөспірімдік кезеңнің соңында немесе ересектік кезеңнің басында басталады. Анкилозды спондилит кезінде омыртқалардың буындық беттері біртіндеп өзара біріге бастайды, осылайша омыртқаның қозғалуы шектеледі. Симптомдар нашарлауы, жақсаруы немесе білінбеуі де мүмкін.


Емдеу

Ауру емделмейді, бірақ, ауырсынуды жеңілдететін, қабынуды немесе басқа симптомдарды азайтатын дәрілік препараттар бар. Сондай-ақ, дене жаттығулары көмектеседі.

Сондай-ақ, мойын артритін (спондилезді) қараңыз.