Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Біріншілік және екіншілік гиперальдостеронизм – бұл бүйрек үсті бездерінен альдостерон гормонының артық бөлуінен пайда болатын ауру.


Себептері

Біріншілік гиперальдостеронизмі бар адамдардың ауру мәселесі бүйрек үсті безімен байланысты. Бүйрек үсті безі артық альдостерон гормонын синтездейді.

Екіншілік гиперальдостеронизм кезінде артық синтез мәселесі бүйрекүсті безінен тыс болып табылады, және біріншілік ауруға ұқсас болып келеді.

Біріншілік гиперальдостеронизм сирек кездесетін ауру, бірақ кейбір сарапшылардың айтуы бойынша, бұл ауру жоғары артериальды қысым әсерінен туындайды екен. Көп жағдайда біріншілік гиперальдостеронизм бүйрекүсті безінің қатерсіз ісігінен пайда болады. Ауру 30-50 жастағылар арасында көбірек таралған.

Көп жағдайда екіншілік гиперальдостеронизм жоғары артериальды қысымға негізделген. Және ол мына жағдайларда да туындау мүмкін:

• Бауыр циррозы
• Жүрек жеткіліксіздігі
• Нефротикалық синдром


Симптомдары

• Шаршағыштық
• Бас ауруы
• Бұлшықет әлсіздігі
• Ұйып қалу
• Ауыспалы (пайда болып, қайта жоқ болып кететін) салдану (паралич)


Диагностикасы

• Құрсақ қуысын компьютерлік томографиясынан (КТ) өткізу
• Электрокардиография (ЭКГ)
• Плазмадағы альдостерон деңгейін анықтау
• Қандағы калий деңгейін анықтау
• Зәрдегі альдостеронды анықтау

Кейде дәрігерге бүйрек үсті бездерінің венасын катетеризациялау қажет болуы мүмкін. Осы арқылы ісіктің қай бүйрекүсті безінде тұрғанын анықтауға болады.

Бұл ауру кезіңде анализдердегі өзгерістер:

• CO2
• Қан сарысуындағы магний деңгейі
• Қандағы натрий деңгейі
• Зәрдегі калий деңгейі
• Зәрдегі натрий деңгейі

Бүйрек үсті безі келесі гормондарды бөледі: эстроген, прогестерон, стероидтар, кортизол, кортизон, адреналин (эпинефрин), норадреналин және дофамин. Бұл гормондардың артық немесе жеткіліксіз бөлінгенде әртүрлі аурулар даму мүмкін.


Емдеу

Ісіктен пайда болған біріншілік гиперальдостеронизм емінде хирургиялық әдіс қолданылады. Ісікті алып тастағаннан кейін, ауру симпттомдарын қадағалауға болады. Алайда кейбір адамдарда операциядан кейін жоғары артериальды қысым сақталып қалады, сол себепті дәрі-дәрмектерді пайдалану қажет болуы мүмкін. Соның өзінде дәрілер саны мен дозасы азайтылуы мүмкін.

Ауру ағымын хирургиялық амалсыз да қадағалауға болады. Пациенттерге препараттарды қабылдап, және тұзды шектеу қажет. Гиперальдостеронизм емінде қолданылатын препараттар:

• Амилорид
• Спиронолактон, диуретиктер (организмнен артық суды шығаратын препараттар)
• Триамтерен

Екіншілік гиперальдостеронизм емі препараттар мен диетаны сақтауға жүгінеді. Хирургиялық ем қажет етпейді.


Болжамы

Біріншілік гиперальдостеронзимді ерте диагностикаласа және емін ерте қолға алса алдғы уақытта бәрі жақсы болып қалуы да ғажап емес.
Екіншілік гиперальдостеронизмнің болжамы бойынша, бұл ауруды тудыратын аурудың себебіне байланысты айтуға болады.


Мүмкін болатын асқынулар

Ұзақ уақыт спиронолактонмен емдегенде, ер адамдарда импотенция және гинекомастия дамуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Гиперальдостеронизм симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралыңыз.



Синонимдері

Конн синдромы


Тегтер:

альдостерон
бүйрек үсті безінің аурулары
біріншілік гиперальдостеронизм
екіншілік гиперальдостеронизм
Конн синдромы