Мазмұны

Жалпы ақпарат

Пікірлер

Себептері

Үйде емдеу тәсілі

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Іштің ауырсынуы – кеуденің астыңғы жағы мен кіндіктің үстіңгі жағында ауру сезімінің пайда болуы. Адамның бұл дене бөлігі асқазан деп аталады.
ки
Іштіңмүшелері: өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек, бауыр, өт және ұйқы бездері ішілген ас пен қоректік заттарды қорытады, сіңірілмейтін заттарды ағзадан бөліп, сыртқа шығарады.

Пікірлер

Жалпы өмірінде іші ауырмаған адам жоқ шығар. Бірақ, көп жағдайда бұл ауру аса қатты медициналық мәселелерді туындатпайды.

Ауырып, сол аурудың күшейе түсуі әрқашан ауыр жағдайдың белгісі бола бермейді. Мысалы сіз ішіңіздің қатты аурғанын, қатты бүріп кеткенін, гастроэнтеритті вирустың салдарынан жиі газданып, жел шығара беруіңізді салмақты ауру деп ойлап қалуыңыз мүмкін.

Кейде өмірге қауіп төндіретін аш ішек пен тоқ ішектің қауіпті ісігі, соқыр ішектің бастапқы сатылары ғана ауру сезімінің қауіптілігі болуы мүмкін. Олар әдетте жеңіл ауырып бастайды немесе қатты ауырмай дамиды.

Асқазан ауруы жайындағы басқа да пікірлер:
Сіз ішіңіздің жарты бөлігінде құйылу сезімін сезінуіңіз мүмкін. Бұл көбінесе ішектегі жұқпалы аурудың салдарынан болады, ол жағдайда ішектердің жұмысы бұзылады, жиі жел шығару жағдайы орын алады. Егер ауру күшейе түссе, ол ішек өтімсіздігінің салдарынан болуы мүмкін.

Іш жақтағы әйтеуір бір жердің тұрақсыз бүріп ауруы пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл түрі белгілі бір ағзаның зақымданғанының белгісі болуы да ғажап емес, ол мысалы: соқыр ішек, өт немесе, құрсақтың зақымдануы салдарынан болып жатады.

Толғақ типтес ауру, бұл аурудың қауіпті түрі емес, ол асқазанда шамадан тыс газдың бөлінуінен, желденуден туындайтын жағымсыз жағдай. Мұның салдарынан көбінесе диярея орын алады. Аурудың бұл түрі ары кетсе 24 сағатқа дейін созылады немесе қалтырау пайда болуы мүмкін.
Іштің бүріп ауруы, толқын типтес әсер береді. Олар әдетте, күтпеген жерден басталады да, тосыннан басылып қалады. Кейде бұл жағдай салмақты мәселелермен де астасып кетіп жатады. Бүйректе және өтте тас болса, көбінесе асқазан осылай түйіліп ауырып тұрады.

Себептері
Іштің ауруына түрлі жағдайлар себеп болады. Өзіңізге қашан жедел медициналық көмек қажет екенін біліп жүргеніңіз абзал. Кейде мұндай аурулар ұзаққа созылып бара жатса, дәрігерге барып тексерілшгеніңіз жөн болады.
Іштің ауруымен байланысты салмақты себептер:
• Іш қату;
• Ішектің тітіркенген синдромы;
• Тамақ аллергені немесе кейбір тамақтарды дұрыс қорыта алмау (мысалы, лактозаны қорыта алмау);
• Тамақтан улану;
• Асқазан тұмауы (вирусты гастроэнтерит).
Басқа да қауіпті себептер:
• Соқыр ішек;
• Іш қуыстық қолқаның аневризмасы;
• Ішектің өтімсізздігі және обсструкциясы;
• Асқазанның қауіпті ісігі, тоқ ішек пен аш ішекте;
• Тасты және тассыз холецистит (қуықтың қабынуы);
• Ішектегі қан айналымның бұзылуы;
• Дивертикулит;
• Асқазан-өңеш рефлюксі немесе ас қортудың бұзылуы, қыжыл;
• Ішектің қабынбалы ауруы ( Крон ауруы немесе ойық жаралы колит);
• Бүйректегі тастар;
• Панкреатит (ұйқы безінің қабынуы)
• Ойық жара.
Кейде іштің ауруы дененің басқа жерлерінің ауруларымен байланысты болып тұрады. Олар мысалы, кеуде жақ немесе бөксе жақ болуы мүмкін. Кейде іштің ауруы төмендегідей жағдайларда мазалайды:
• Жүрек ұстамасы;
• Етеккір ағымының ауыр кезеңі;
• Эндометриоз
• Бұлшық еттердің созылуы;
• Жамбас үсті ағзасының қабынбалы ауруы;
• Пневмония;
• Түтікшелі (жатырсырты) жүктілігі;
• Несеп жолдарының инфекциясы.

Үйдегі күтім
Іштің жеңіл ауруларын емдеу үшін төмендегі кеңестердің пайдасы тиіп қалуы мүмкін:
 Көп мөлшерде су немесе басқа да сұйықтықтар ішіңіз;
 Емделгеннен кейін бірнеше сағат бойы қатты заттарды жемеңіз;
 Егер аурудан кейін құссаңыз 6 сағат бойы ешнәрсе жемей тұрыңыз да, одан кейін күріш, алма ботқасын немесе құрғақ пешенелермен қоректеніңіз. Сүтті азық-түлікке жоламай тұрыңыз.
 Егер іштің ауруы өрге қарай көтерілгендей сезінсеңіз және тамақтан кейін осындай жағдайлар орын ала берсе, сондай-ақ, қыжылды, асқазанның бұззылғанын сезінсеңіз антацидтің көмегіне жүгініңіз. Цитрусты азық-түлікті пайдаланбаңыз, әсіресе, құрамында майы бар, қуырылған немесе майлы тағамдарды, томатты, кофеинді, алкогольді және газды ссусындарды ішпеңіз;
 Асперин қолданып жүрмеңіз, ибупрофен немесе қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді және есірткілік тыныштандырғыштарды дәрігеріңіздің рұхсатынсыз мүлдем пайдаланбаңыз. Егер сіздің ауруыңыз қандайда бір бауыр ауруымен байланысты болса, онда сіз ацетаминфен негізді тыныштандырғыш дәрілерді қолдансаңыз болады.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жағдайлар орын алса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
• Сол уақытта сіз қауіпті ісікке қарсы терапия курсынан өтіп жүрсеңіз;
• Үлкен дәретке отыра алмай, тек құсып жүрсеңіз;
• Егер сіздің құсығыңыз қан аралас болса немесе үлкен дәретіңізден қан араласып шықса (әсіресе түсі қою қоңыр немесе қара түсті боласа);
• Кеуде, мойын, иық жақтардың ауру сезімі байқалса;
• Ішіңіз күтпеген жерден түйіліп ауырып кетсе;
• Екі жауырының арасында ауру сезімі болса;
• Ішіңіз кеуіп, ауырып тұрса;
• Жүкті болсаңыз;
• Тыныс алу қиынға соқса.
Төмендегідей жағдайлар орын алса дәрігерге хабарласыңыз:
• Іш жақта бір жағымсыздық туындаса, және ол бір аптаға созылып, асып бара жатса;
• Іштің ауруы 24-48 сағат ішінде жазылмаса, және жүрек айнып, құсып жүрсеңіз;
• 2 апта бойы іштің кебуі кетпей қойса;
• Жиі несеп шығарылса, несеп шығарған кезде қызғандай сезіп туындаса;
• 5 күн бойы іштің қөтуі басылмаса;
• Іштің ауруы қалтыраумен ұштасып кетсе (ересектер 37,7°С, ал балалар 38°С асып кетсе)
• Тәбет жоғалса;
• Жатырдан ұзақ уақыт қан кетіп жатса;
• Салмақ өздігінен түсіп кетсе.

Дәрігер қабылдауында қандай жағдайлар орын алады
Дәрігер сізді тексеріп, сізде пайда болған симптомдар мен аурудың бұрын болған өзгерістерін сұрауы мүмкін. Спецификалық симптомдар, аурудың орналасуы және оның пайда болған уақытын анықтау арқылы дәрігер іштің ауруының себебін анықтайды.
Сізге мынадай сауалдар қойылуы мүмкін:
• Сіз аурудың қай жеріңізде езініп жүрсіз?
• Ауру ауысып тұра ма, әлде белгілі бір жерді ғана ауыртып жүр ме?
• Омыртқаларыңызда, шабыңзда немесе аяғыңыздың төменгі жағнағы ауру сезімдері тара ма?
• Омыртқаның ауруы қатты, толғақты түрде бола ма?
• Сізде бұған дейін басқа да күрделі ауруллар болды ма? Егер болса, ол қанша уақытқа созылды?
• Ауру қашан мазалады? Мысалы, тамақтан кейін немесе етеккір кезінде ме?
• Аурудың күшейуіне не әсер етіп жүр? Мысалы, ішкенде, күйзеліс кезінде немесе жатқан кезде ме?
• Ауырғаны қайткенде басылады? Мысалы, сүт ішкенде, ішті босатқанда немесе антацидтерді қабылдағанда ма?
• Қандай дәрілерді пайдаланасыз?
• Жақын арада жарақат алып қалған жоқсыз ба?
• Жүктісіз бе?
• Ізді тағы қандай симптомдар мазалап жүр?
Ауруды анықтау үшін төмендегідей текссерулер жүргізілуі мүмкін:
• Барий арқылы клизма қолдану;
• Қан, несеп, нәжістен талдама алу;
• Компютерлі томография (КТ);
• Колонскопия немесе ректороманоскопия;
• Электрокардиография (ЭКГ);
• Үш-құрлысты УДЗ-ға түсіру;
• Өңеш және әшекті рентгенологиялық түсірілімдер сериясынан өткізу;
• Іш-құрлысты ағзаларын рентгеногрфиялық шолудан өткізу.

Алдын алу
Кейбір кеңестерге құлақ түре отырып, іштің ауруын басуға болатындығына көз жеткіздік:
• Майлы немесе құырылған тамақтарды жемеңіз;
• Әр күн сайын көп мөлшерде су ішіңіз;
• Тамақты аздан, бірақ, жиі ішіңіз;
• Дене жаттығуларымен тұрақты түрде айналысыңыз;
• Газ бөлдіретін азық-түлікті шектеп қолданыңыз;
• Тамағыңыздың құрамында жасұнық бар ма, соған мән беріңіз. Көкөністер мен жемістерді жиі пайдаланыңыз.

Синонимдері
Іштің ауырсынуы; Ішек шаншулары; Асқазанның ауырсынуы.

Тегтер:
бауыр
асқазан
ауру
соқыр ішек
шаншу
іштің қатуы
ішектің өтімсіздігі