Бұл не? Рей синдромы – 5 жасқа дейінгі балалардың бауырларында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны өткергеннен кейін пайда болады. Шамасы, аспиринді қабылдау осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға инфекция кезінде аспирин қолданбау керек. Тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс болады.

Рей синдромының себебі әлі белгісіз, бірақ ол мидағы зат алмасуға қатысатын митохондрий жасушасын вируспен зақымдау арқылы болады деп есептеледі. Рей синдромының белгілеріне құсу, әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтаудың жоғалуы,естің адасуы және комаға түсу жатады.

Емдеу. Емдеуге арналған нақты хаттамалар болмағанмен, бұл жағдайда антибиотиктерді, инсулинді, кортикостероидтарды, глюкозаны, зәр айдағыш дәрілерді және т.б қолданады. 70% науқастарда жағдайы қалпына келеді, кейбіреулерінде мидың зақымдалуы өмір бойына қалады.


Тегтер:

Рей синдромы
аспирин
балалар
мидың ісінуі
Рей синдромын емдеу
антибиотиктер
кортикостероидтар
инсулин