Кеуде қуысының ауырсынуы – кеуде қуысын құрайтын бұлшықеттерде, сүйектерде және шеміршектерде болатын ауырсыну сезімін айтады. Бұл ауырсыну кеуденің арнайы бір бөлігінде болады және сол жерге қысым түскенде арта түседі.

Кеуде қусының ауырсынуы көптеген себептерден болады, соның ішінде:

• Жарақаттан (мысалы, төске қатты соққы алғанда).
• Кеуде бұлшықеттері мен сіңірлерін созылуына әкелуі мүмкін ұзаққа созылған қатты жөтел.
• Пневмония немесе өкпеде тромбтың түзілуі

Кеуде қуысындағы ауырсыну, ауырсынған жерде жатса немесе қозғалыс барысында (мысалы, өзге қырына аунау немесе қолды көтеру) нашарлайды.

Емдеу. Ауырсыну сезімін туындатқан себебіне байланысты емі қарастырылады. Әлсіз ауырсынған кезінде жай ғана тыныштық қалпында жатып, ауырған аймаққа мұз басылады және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қолданылады.Егер ауырсыну сезімі жөтелдің нәтижесінде болса, онда жөтел басылған соң ауырсынғаны қою керек.

Егер ауырсынғаны қайтпаса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн.


Тегтер:

кеуде қуысының ауырсынуы