Вагинит (кольпит) - бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады. Оның алғашқы белгілері әйелдің жыныс мүшелері аймағында ашыту сезімі болады. Қатысты факторларға аналық бездің гипофункциясы, жеке гигиена ережелерін сақтамау жатады.

Вагиниттің жедел, жеделдеу және созылмалы түрде болады..Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне, сыртқы жыныс аймағының ашуына, қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады. Кез келген бөліндіні көрген сәтте, қатты қорықпаған абзал, өйткені бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін. Дәрігер гинекологқа қаралу қажет. Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуімен көрінеді. Бөлінділер су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу, ашу сезімі сезіледі. Әйел адам әрдайым жыныс мүшелері аймағында ауырлық пен жағымсыз сезінулер болады. Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады. Бұл жағымсыз әсерлерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды. Алайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. өткені бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты аурулармен сәйкес келеді.

Вагинит микроағзалардан туындайды. Микроағзалар қалыпты түрде қыныптың ішінде болады, бірақ аз мөлшерде. Қабыну кезінде қыныптың ішіндегі патогенді микроағзалар (стафилококктар, стрептококтар және т.б.) көбейеді. Олардың көбеюі жүктілік кезінде күшейеді. Сондықтан жүктілік кезінде вагинит болса, оны тезірек емдеу қажет. Өтйкені, ол туу кезінде балаға жұғуы мүмкін. Вагинит сонымен қатар туу кезінде жатырдың жыртылуына себеп болады.

Вагинитті туындатқан микробқа түріне байланысты жергілікті және жалпы емдейді. Жазылуына септік ететін маңызды фактордың бірі – ем алу кезінде жыныстық қатынасты толық тоқтату болып табылады. Ірінді және шырышты бөлінділер кезінде жатырдың ішін антисептикалық ерітінділермен жуып шаяды. Сонымен қатар, бір уақытта иммунитетті көтеретін дәрілер беріледі. Қоздырғыштардың сезімталдығына байланысты антибиотиктер тағайындалады. Оларды жақпа май түрінде қолданады.

Жалпы жүкті әйелдердің вагинитін емдеуге ерекше көңіл бөлінеді.Себебі, бір жағынан олардағы қабыну процессін толығымен жою маңызды болмақ, екінші жағынан жүктілік дәрілік препараттарды қолдану тәсілдеріне және дозаларына шектеу қояды. Вагинитті дұрыс емдеу және алдын алу көп жағдайда жақсы болжам жасауға мүмкіндік береді.


Тегтер:

вагинит
кольпит