Вегето-тамырлық дистонияны өздігінен болатын ауру немесе оны синдром ретінде қарастыруға болады. Бірақ, екі жағдайда да бірінші кезекте жүрек-қан тамыр жүйесі зақымдалады.

Вегето-тамырлық дистония кезінде ағзаның барлық жүйелерінде органикалық өзгерістер болмайды, атап айтқанда: нерв жүйесінде, жүректе, эндрокинді бездерде және т.б. Дегенмен функционалдық бұзылыстар анықталып жатады, әсіресе ұстама уақыты кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің және вегативті нерв жүйесінің зақымдалуы секілді.

Вегато-тамырлық дистония ауруы дамуына келесі факторлар әсер етеді, оларды былай топтстыруға болады: жағымсыз ауа-райы, ағзада эндокринді бездердің қайта қалыптасуы, висцералдық мүшелердің бірінші рет зақымдалуы, шеткері эндокринді бездердің бірінше рет ауруы,аллергия. үлкен ми қыртысының нашарлауы және жүйкенің тозуы.

Әдетте вегато-тамырлық дистония нерв жүйесіне, миға эмоциялық артық жүктеме түсіргеннен кейін, ал кейде басынан өткерген инфекциядан кейін пайда болады.

Ауруға қатысты болатын шағымдар: тез шаршау, ұйқының бұзылуы,эмоциялық тұрақсыздық, жүрек соғысының ұстамасы, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуы,кейде қан қысымының сәл көтерілуі немесе төмендеуі,бастың айналуы,аяқ-қол қимылының шектелуі, тобық және білезік сүйек аймақтарының суықтануы, сонымен қоса тыныс алған кезде ауаның жетіспеуі,«респираторлық синдром», ентігу және беткей тыныс алу болады.

Емі: ең алдымен аурудың себебін анықтап, оны жою керек, науқасты тыныштық жағдайына келтіріп, жұмысы мен демалысын кезектеп қалыптастыру, емдік жаттығулар жасау, қарсы көрсеткіштер болмаса бірқалыпты физикалық жүктеме тиімдірек болады (аутогенді жаттығу әдісі, өз-өзіне массаж жасау, психофизикалық жаттығу), физиотерапиялар (қылқанды ванналар,душ және т.б. ) және таза ауада серуендеу. Қажет жағдайда жеке дәрігер терапевт немесе невролог дәрілер тағайындайды (мысалы:бромидтер, транквилизаторлар, седативті препараттар және т.б.).


Тегтер:

вегато-тамырлық дистония
пороксизм
ВТД
вегато-тамырлық дистонияны алматыда емдеу
нерв жүйесі
нерв жүйесінің бұзылыстары