Бұл не? Вибрациялық ауру – бұл дененің кейбір бөліктері, әдетте бақайлар мен саусақтардың суыққа деген үлкен реакцияға ие болуы немесе эмоциялық күйзеліс (стресс) жағдайы.

Бұл ауру кімдерде пайда болады? Ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни тұрақты дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшықеттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп, сол жердегі нерв жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып, қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда вибрациялық ауру жарақат нәтижесінде, түрлі аурулар салдарынан (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

Ол қалай пайда болады? Әдетте адам ағзасы дене қызуын сақтау үшін суық сезінген кезде қан тамырларын тарылтады. Стресс немесе суық адам ағзасындағы бұл функциясының ұлғаюына себеп болуы мүмкін. Саусақ пен бақай (сирек жағдайларда аяқ, мұрын немесе құлақ) бозарып кетеді, ал қолмен ұстап көргенде суықтану сезіледі. Кейде бақай мен саусақ ұйып қалады немесе шаншып ауырады. Сондай-ақ қатты ауырсынып, ісінуі мүмкін. Вибрациялық ауры кезінде бұл белгілер анық білінуі немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Вибрациялық аурудың симптомдары қандай? Вибрациялық аурумен ауыратын науқастар мынадай шағымдары болады:

• Аз ғана уақыт болған суықтың әсерінен қолдарының немесе саусақтарының бозару белгілеріне.
• Саусақтардың шаншып ауырсынуы мен сезімталдығының төмендеуіне
• Саусақтардың бозару аралығына болатын ауырсыну және суықтану сезіміне
• Қол ұшы күшінің төмендеуіне

Вибрациялық аурудың емі алдын алу шараларымен қатар жүргізіледі. Атап айтқанда суықтан, күйзелістен және басқа да тітіркендіргіштерден аулақ болу жатады.Егер осындай шаралар көмектеспесе, онда дәрілік препарттар қабылдау қажет болады.


Тегтер:

вибрациялық ауру
аяқ-қолдың ұюы
қол ұшы күшінің төмендеуі
саусақтардың шаншып ауырсынуы