Остеомаляция – адам cүйектерінің Д витаминінің жеткіліксіздігінен жұмсарып кетуі немесе ағзаның Д витаминін сіңіре алмауы және дұрыс пайдалануға мүмкіндігінің болмауы.

Пайда болуы себептері
Остеомаляция кезінде сүйектер жұмсарады, бірақ ағзаның сүйектік массасын құрайтын коллагеннің қалыпты мөлшері қалпын бұзбайды. Десе де, науқастың сүйектерінде кальций мөлшерінің жеткіліксіздігі байқалады.
Остеомаляцияның туындауының көптеген себептері бар. Ауру балаларда пайда болған кезде, ол рахит деп аталады және ағзадағы Д витаминінің төмен деңгейін көрсетеді.

Остеомалияға әкелетін басқа да себептерге мыналар жатады:
• Диетада Д витаминінің жетіспеушілігі
• Ағзадағы Д витаминін өндіруге ықпал ететін күн сәулесінің жетіспеушілігі
• Ішекте Д витаминінің сіңірілуінің бұзылуы
Ағзадағы Д витаминінің жетіспеушілігіне мына жайттар себеп болады:
• Күннің көзінде өте сирек болу
• Күндізгі уақытты қысқарту
• Түтін
• Күннен қорғайтын аса күшті кремді қолдану
Қарт адамдарда және тамақтану рационынан сүтті шектеген адамдарда остеомаляцияның пайда болу қаупі жоғары.
Остеомалияға әкелетін басқа ауруларға мыналар жатады:
• Қауіпті ісік
• Д витамині метаболизмінің бұзылуы
• Бүйрек жетіспеушілігі және ацидоз
• Рационда жеткілікті фосфаттардың болмауы
• Бауыр аурулары
• Тырыспаны емдеу үшін (тырыспаға қарсы препараттар) қолданылған кейбір дәрілік заттардың жанама әсерлері

Ауру симптомдары
Аурудың симптомдары негізінен ағзадағы кальцийдің төмен деңгейіне қатысты болады. Аурудың симптомдары:
• Ауыз айналасының ұюы
• Аяқ-қолдардың ұюы
• Қол мен аяқтың құрысуы
Талдаулар мен тесттер
• Қан анализі Д витаминін, креатинин, кальций және фосфат деңгейін тексеру үшін жүргізіледі.
• Сүйек биопсиясы арқылы сүйек тінінің жұмсарғанын анықтауға болады.
• Сүйек рентгені мен сүйек қаттылығын анықтауға бағытталған тест сүйектегі жалған сызаттарды, сүйек тінінің жоғалуын және сүйек тығыздығының азайғанын анықтауға көмектеседі.
Пациентте бүйрек ауруларынның бар-жоғын анықтау үшін немесе аурудың қандай да бір басқа себептерден туындағанын анықтау үшін басқа да анализдер жасауға болады.
Қосымша талдаулар:
• Сілтілі фосфостазға (СФ) талдау
• Қалқаншамаңы безінің гормонына талдау
Емдеу
• Емделу үшін Д витамині, кальций, фосфорлықұрамдық тағамдармен қоректену керек. Ішекте Д витаминінің сіңірілуі бұзылған адамдар, Д витаминінің және кальцийдің үлкен мөлшерін қабылдаса болады.
• Белглі бір ауруларға шалдыққан адамдар қанындағы фосфор мен кальцийдің деңгейін үнемі бақылап отыру керек.

Ауру ағымы
Витаминдердің жетіспеушілігінен зардап шеккен кейбір адамдар бірнеше апта ішінде емнің әсерін сезінеді. 6 ай ішінде толық қалпына келге болады.

Мүмкін болатын асқынулар
Симптомдары қайталануы мүмкін

Дәрігерге қашан қаралу керек
Сүйек жұмсаруы симптомдары байқалған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Алдын алу
Д витаминіне бай тағамдарды қабылдап және күн энергиясынан қабылдау арқылы ағзаны аурудан қорғауға болады.

Тегтер:
сүйектердің жұмсаруы
сүйектердің сынғыштығы
Д витаминінің жетіспеушілігі
остеомаляция
күн көзінің жетіспеушілігі
сынықтар
кальцийдің жетіспеушілігі
қолдың ұюы
қолдың құрысуы