Сүзек – биттер мен бүргелер арқылы таралатын жұқпалы ауру болып табылады.
Пайда болу себептері

Сүзек – паразиттік жәндіктердің шағуы арқылы жұғады. Көпке белгілі бөрпелі сүзектің қоздырғышы Провачек риккетсиясы (Rickettsia prowazekii) болып табылады, оны тасымалдаушы – киім биті мен бас биті.

Брилл-Цинссер ауруы – эпидемиялық сүзектің жеңіл формасы. Бұл ауру - Провачек риккетсиясын бұрын жұқтырған адамдарда, сол инфекцияның қайта қозуы барысында туындайды. Бұл аурудан көбінесе ересек адамдар зардап шегеді.

Симптомдары
Бөртпелі сүзектің симптомдары мынадай болады:
• Асқазаны ауырады;
• Арқасы ауырады;
• Кеудеде көптеген нүктелі бөртпелер пайда болады;
• 2 аптаға жуық уақытта, дене қызуы 40 градустан түспей тұрып алады;
• Құрғақ жөтел;
• Бас ауру;
• Буындар мен бұлшықеттер ауырады;
• Жүрек айниды;
• Құсады.

Эпидемиялық бөртпелі сүзек симптомдары:
• Қалтырау;
• Жөтел;
• Сандырақтау;
• Дене қызуының жоғары көтерілуі;
• Буындардың ауруы (артралгия)
• Жарықтан жасқааншақтық: жарыққа көзі шағылысып көре алмайды, соның салдарынан көз көруі нашарлайды;
• Артериялық қысымы төмендейді;
• Бөртпе қаптайды, кеудесінен басталып, алақан мен табанынан басқа бүкіл денесіне тарайды;
• Басы қатты ауырады;
• Бұлшықеттері қатты ауырады;
• Мелшиіп қалады.

Бөртпелер бастапқыда күлгін болып шығады, басқан кезде ағарады. Ал асқынған бөртпелер қою қызыл түске енеді, оларды басса да түсін өзгертпейді. Сүзектің ауыр формасындағы адамдардың терілерінде аздаған нүктелі қанталаулар пайда болады.

Диагностикасы
Жалпы қан талдамасының нәтижесінде лейкоцитердің мөлшері төмен болады, қаназдық (анемия) білінеді, тромбоциттердің саны азаяды. Қан талдамасынан басқа да мынадай жайттар анықталуы мүмкін:
• Сүзек қоздырғышына қарсы туындаған антиденелердің мөлшері артып кетеді;
• Альбуминің мөлшері төмендейді;
• Натрияның мөлшері төмендейді;
• Бүйрек ферменттерінің мөлшері ақырындап көтеріледі.

Емдеу
Мынадай антибиотиктермен емделеді:
• Доксициклин
• Тетрациклин
• Хлорамфеникол (кей жағдайда)

Бала тетрациклинді ауыз арқылы қабылдаса, өсіп келе жатқан тістері мәңгілікке боялып қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл дәрілерді балаларға барлық түбірлі тістері шығып болмайынша беруге болмайды.
Эпидемиялық бөртпелі сүзекке шалдыққан науқастардың ішіне сұйықтық пен оттегі сүйемелдегіші құйылады.

Ауру ауқымында
Эпидемиялық бөртпелі сүзекке шалдығып, емделмеген науқастардың 10-60 пайызға жуығы қайтыс болады. 60 жастан асқан науқастар қайтыс болуы мүмкін топтың ішінде болып есептеледі. Уақытымен емделген науқастар,әдетте, жылдам толық жазылып кетеді.

Бөртпелі сүзекпен ауыратын науқастардың 2 пайыздан кемі өледі. Антибиотиктермен уақытылы емделген науқастардың барлығы да емделеді.

Мүмкін болатын асқынулар:
• Бүйрек ауруы;
• Пневмония;
• Орталық нерв жүйесінің зақымдануы

Алдын алу
Тышқан бүргелері немесе биттер мекендейтін орыннын аулақ жүріңіз. Әдетте жақсы санитарлық жүйені қолданып, сондай-ақ, егеуқұйрықтардың көбеюінің алдын алу арқылы мұндай індеттерді болдырмауға болады.
Инфекцияны жұқтырғаннан кейін қолданылатын шаралар:
• Шомылу;
• Киімдерді қайнату керек немесе паразиттер жұққан кімді кеміінде бес күні изоляциялау (белгілі бір зерде залалсыздандырып қою) керек. (биттер бұл уақытта аштықтан қырылып қалады)
• Инсектицидтерді қолдану керек (10% ДДТ, 1% малатион, немесе 1% перметрин)

Синонимдері
Бөртпелі сүзек; эпидемиялық бөртпелі сүзек; Брилл-Цинссер ауруы; Түрме қызбасы

Тегтер:
бөртпелі сүзек,
эпидемиялық бөртпелі сүзек,
Брилл-Цинссер ауруы;
түрме қызбасы