Мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа симптомдар болмаған жағдайда, ұйқы кезінде дұрыс жатпай қалуынан немесе компьютер алдында ұзақ уақыт отырудан пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа да симптомдармен қатар көрінуі мүмкін, бұл жағдайда науқастың шағымы маңызды көрініс табады . Мысалы, менингит – мойын бұлшықеттерінің сіресуімен, бас ауруымен және қалтыраумен көрінеді.
Не істеу қажет
Егер балаңызда мойын бұлшықеттерінің сіресуі және мойын аумағында ауырсыну сезімі болып, бірақ та қалтырау немесе басқа да симптомдары болмаса, онда:
- Мойнына жылы, ылғалды компресс басыңыз
- Ауырсыну сезімін басу үшін балаңызға ацетаминофен немесе ибупрофен беріңіз
- Симптомдар басылмаған жағдайда дәрігерге қаралыңыз
Егер балаңызда мойын бұлшықеттерінің сіресуі және келесі жағдайлардың біреуі анықталса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
- Жақын арада болған жарақат
- Соңғы ай аралығы кене тістеуі болса
- Безгек (нәрестелерде дене температурасы қалыптыдан төмен болуы)
- Шаршағыштық, ұйқышылдық немесе әлсіреу
- Қозғыштықтың жоғарлауы
- Тұрақты бас ауруы
- Құсу
- Көздің жарыққа деген сезімталдығы
- Тері бөртпелері
- Тұмауға тән симптомдар
- Нәрестедер үшін: әлсіз емуі, қатты дауыстап жылау, еңбегінің ісуі
Алдын алуды қарастырыңыз!
- Иммунизацияны уақытылы жасатыңыз, әсіресе минингитке қарсы вакцинаны.
- Кенелерден қорғанудан жәндіктерге қарсы репелленттер жақсы көмектеседі (диэтилтолуамид концентрациясы 10-30%-дан аспайтын); балалар мен үй жануарларында кенелердің бар-жоғын жиі тексеру; кенелер шоғырланған аймақта ұзын шалбар мен көйлек кию.
- Балалардың мойнына жарақат әкелу қаупі жоғары ойындар мен жабдықтардан баларды аулақ ұстаңыз.
Дереккөз: http://kidshealth.org/en/parents/stiff-neck-sheet.html