Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Өт шығару жолдарының обструкциясы – бұл бауыр мен аш ішектегі өт сұйықтықтарын өткізетін өт жолының бітеліп қалуы.
Себептері
Өт бауырда түзілетін сұйықтық. Ол билибурун секілді ауыстырушы азықтан, өт қышқылы тұзынан және холестериннен құралады. Тұзды өт қышқылы ағзадағы майларды қортады. Бауырдан өт жолдарымен сұйықтық шығады да, өтке ағып түседі. Тамақтанып болғаннан кейін өт сұйықтығы аш ішекке де жіберіледі.
Өт жолы бітеліп қалғанда, өт бауырға құйылады, және қан құрамында билибурун көтеріліп, адам сарғыштанып кетеді (тері сарғайып кетеді).
Өт шығару жолдарының обструкциясының туындауына себеп болуы мүмкін жағдайлар:
• Өт жодарына сарысудың болуы;
• Бауырдың лимфа түйіндері үлкейіп кетуі;
• Өтте тастың болуы;
• Өт жолдары қабынуы;
• Берішті тіндерінің түзлуі кезінде өт жолдары тарылуы;
• Өт қабына ота жасалғанда өт жолдарына зақым келуі;
• Өт жолдары мен қуық асты безінде ісіктің пайда болуы;
• Өт шығару жодарында местастаз ісіктерінің болуы;
• Бауырда және өт жолдарында лямблтий паразиттерінің пайда болуы.
Аурудың қауіпті факторларына мыналар жатады:
• Өтке тас байлану, созылмалы панкреатит немесе қауық асты безінің қауіпті ісінгі;
• Қуық қуысына зақым келу;
• Өт шығару жолдарына жедел шаралар қолданғаннан;
• Бұрын өт шығару жолдары жүйесінде қауіпті ісіктің болуынан (өт жолдарының қауіпті ісігі)
Иммун жүйесі әлсіреген адамда да инфекциядан обструкция орын алуы мүмкін.
Симптомдары
• Асқазанның оң жақ бұрыш жағы ауырып тұрады;
• Күңгірт несеп шығады;
• Қалтырау пайда болады;
• Қышу кездеседі;
• Теріде сарғыштану пайда болады;
• Жүрек айну мен құсу жағдайы орын алады;
• Нәжістің түссіздігі
Диагностика
Дәрігер немесе медбике сіздің асқазаныңызды тексереді.
Қан талдамасын өткізгенде төмендегідей нәтижелер пайда болса, сізде обструкция орын алды деген сөз:
• Билбурун мөлшерінің артуы;
• Сілтілі фосфатаз мөлшерінің артуы;
• Бауыр ферменттері мөлшерінің артуы.
Өт жолдарының обструкциясының пайда болған-болмағандығын анықтау үшін төмендегідей тексерулер жүргізіледі:
• Іш-құрылысты УДЗ-ға түсіреді;
• Іш-құрылысты КТ-ға түсіреді;
• Эндоскопикалық ретроградтық холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
• Тері және бауыр арқылы холангиография (ЧЧХГ)
• Магнитно-резонанстық холангиопанкретография (МРХПГ)
Өт жолдарының бітелуі келесідей тексерулер нәтижесінен де байқалуы мүмкін:
• Қан құрамында амилаздардың жиналуы;
• Өт қабын радионуклендік көшірмеден өткізу;
• Қан құрамында липаздардың жиналуы;
• Протромбиндік уақыт (ПВ);
• Несеп құрамында билирубиннің жиналуы.
Емдеу
Емдеудің басты мақсаты острукцияны жеңілдету. Өттегі тастар ЭРХПГ өткізгенде эндоскоп арқылы жойылып кетуі мүмкін.
Кей жағдайда обструкцияны әлсірету үшін жедел ота да жасалуы ықтимал. Егер өт қабының тастарынан бітелу жағдайы орын алса, ол әдетте жойылады. Егер ауру инфекцияның салдарынан орын алса, онда дәрігер сізге антибиотиктер тағайындайды.
Егер обструкция қауіпті ісіктің салдарынан болса, онда бітеліп тұрған жер кеңейтіледі. Бұл жосық эндоскопиялық немесе тері арқылы (бауыр мен тері арқылы өткізілетін) кеңейту деп аталады.
Бітелуді дренажбен қамдандыру үшін арнайы түікше қойылуы мүмкін.
Болжамы
Егер обстркуция қайта қалпына келтірілмесе, оның арты адам өмірі үшін қауіпті болатын инфекцияларға және билирубиннің шамадан тыс құйылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Кеңейілген обструкция бауырдың созымалы ауруларына өткізілуі мүмкін. Обструкция көбінесе эндоскоптың және хирургиялық жолдың көмегімен қалыпқа келтіріледі. Егер бітелу қауіпті ісікке ұласып кетсе, жағдайдың ушығары сөзсіз.
Мүмкін болатын асқынулар
Бұл ауру емделмесе, инфекцияның дамуына, сепсис және бауыр ауруына, соның ішінде билиарлы цирроз ауруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Дәрігенге қашан қаралу керек
Егер теріңіз сарғыштана бастаса, несеп пен нәжісте өзгерістер пайда болса дәрігерге тексеріліңіз.
Алдын алу
Өт жолдарының бітелуінен болатын қауіпті факторларды біліп жүріңіз, сол кезде өзіңізді ерте қадағалауға, уақытылы ем алуға мүмкіндік туады. Одан басқа, өт жолдарының бекітілуінің алдын алатын шаралар жоқ.
Синонимдері
Билиарлық обструкция
Тегтер:
өт шығару жолдарының обструкциясы