Лейкодистрофия – ми жасушаларына қатысты, сирек кездесетін ауру түрі. Бұл ауру миелинді қабықшаны – электроқшаулағыш қабықты, мидың қорғаушы және жақпқыш қабықтарынның зақымдануынан туындайды.
Миелинді қабықтың зақымдануынан ми мен дененің басқа бөліктерінің арасындағы қатынас баяулайды немесе тұйықталып қалады, оның салдары мынадай жайттарға әкеледі:
• Қозғалыс үйлесімділігі бұзылады;
• Сөйлеуде ыңғайсыздық туындайды;
• Көздің көруі нашарлайды;
• Есту жағы бұзылады
• Ментальді және физикалық дамуы бұзылады.
Көп жағдайда лейкодистрофия тұқым қуалау арқылы генетикалық жолмен беріледі. Аурудың симптомдары кішкентай кезден бастап көрініс береді. Аурудың белгілерін бастапқыда анықтау қиын, бұл ыңғайсыздықпен қиналып жүрген бала сырт көзге сау көрінуі мүмкін. Дегенмен де бұл симптомдар уақыт өте келе асқынып кетеді.
Өкінішке қарай қазіргі кезде лейкодистрофияны емдеу әдісі табылмады. Кейбір медициналық дәрілер мен физикалық терапиялар арқылы науқсатың жағдайын жеңілдетуге болады.
Ғалымдар лейкодистрофияның кейбір түрлерін емдеу үшін сүйек кемігін трансплантациялау мүмкіндіктерін қарастыруда.
Тегтер:
Лейкодистрофия
Александера ауруы
Генетикалық аурулар
Бас миы