Энцефалит – бұл әдетте вирустық инфекцияның әсерінен пайда болатын ми қабынуы (ісік және тітіркену). Егер энцефалитті дер кезінде емдемесе, ол мидың қалыпты қызметін өзгертіп, адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.
Энцефалиттің кең таралған симптомдары: қалтырау, бастың қатты ауруы, естен тану.

Сондай-ақ жарыққа сезімталдықтың артуы, жүрек айну, құсу, мойын бұлшық еттері мен омыртқаның ебедейсіздігі, ұйқышылдық секілді басқа да симптомдары білінуі мүмкін. Кейде тіпті, дірілдеп талу, мінез-құлықтың өзгеруі, комаға түсу секілді ауыр симптомдары да дамып кетуі ықтимал. Жалпы, энцефалиттің барлық формадағы симптомдары кездейсоқ дамиды, әуелбастан-ақ емдемесе өмірге қауіп төндіреді.

Энцефалит көбінесе вирустан туындап жатады. Мысалы, ол вирустарға қарапайым герпес және гениталды герпес, шошқаборық (свинка) қан, желшешек, мононуклеоз (Эпштейн-Барр вирусы), тұмау немесе қызылша қызамығы вирустарын жатқызсақ болады. Энцефалит кене мен масалар арқылы да таралады.

Энцефалитті емдеу үшін – науқасты ауруханаға жатқызып, аурудың симптомдарын емдеуге арналған вирусқа қарсы Ацикловир дәрі-дәрмегін береді.

Кереңдік (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
энцефалит
кене
бас ауруы
жарықтан жасқану
жүрек айнуы
құсу
естен тану
қалтырау