Әйелдердің ішінің төменгі жағы мен жамбасының ауруы кем дегенде 6 айға созылса, оны созылмалы ауырсыну деп атайды. Ауру сипаттары тұрақты немесе өтпелі болуы мүмкін, сонымен қатар қатты және әлсіз ауырсынулар болады.

Етеккір кезіндегі аурулар қайталанбалы созылмалы жамбас ауруының белгісі. Созылмалы жамбас ауруына жамбас органдарының инфекциялары, эндометриоз, аденомиоздың және зәр шығару жолдарының немесе ішектің аурулары себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ әйелдерде жамбастың созылмалы ауырсынуы бұрынырақ орын алған физикалық немесе жыныстық зорлық зомбылықтардың салдарынан туындауы мүмкін.

Жамбастың созылмалы ауырсынуын емдеу курсы дәрі-дәрмектер, операция, когнитивті терапия, және эмоционалдық қолдау көрсету арқылы жүзеге асады. Емдік шараларды ауру себебіне байланысты (егер белгілі болса) немесе ауырсынудың сипатына байланысты тағайындайды.

Тегтер:
Іштің төменгі бөлігінің ауруы
етеккір кезіндегі ауырсынулар
жамбас инфекциялары
эндометриоз
әйелдердің ауырсынулары