Токсикоз – адамды жайсыз сезіндіретін, біртүрлі жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Жүкті әйелдерде токсикоз, олардың организмінде ұрықтың дамуы кезінде зиянды заттармен уланған жағдайда пайда болады.

Ерте токсикоз – әдетте ұрықтың пайда болуынан алғашқы 12 аптада жүктілерді мазалайды. Жүкті әйел әлсіздікке, сілекейдің көп бөлінуіне, тәбеттің жоғалуына, дәм сезімінің өзгеруіне шағымданады.

Тіпті бұл жағдайдан есеңгіреп қалуы да мүмкін. Ауыр жағдайы: күндіз де түнде де, шамамен 20-ға дейін жететін құсу мазалауы мүмкін. Нәтижесінде организмде судың азаюы, сусыздану пайда болып, жүкті әйел кенеттен арықтайды. Оның терісі құрғайды және босайды, температурасы көтеріледі, пульсі жиілейді, қан қысымы төмендейді.

Кеш токсикоз – бұл өте қауіпті жағдай. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап босанғанға дейінгі аралықты қамтиды. Жүкті әйелді бұл кезде құсу қатты мазаламайды, бірақ, ісіктер пайда болады; бірінші аяқта, сосын қолда, содан соң бетте пайда болады. Егер емделмесе ісік бүкіл денеге таралады. Сонымен қатар токсикозда қан қысымы 140/90 немесе одан да жоғары көтеріліп, тіпті дәрілермен төмен түсіруде қиындық туғызады. Сосын одан да жоғарлай береді. Кеш токсикозда дәрігерлер көмектеспесе, науқастың маңызды мүшелері зақымға ұшырауы мүмкін: бүйрек, өкпе, жүрек, ми. Бұл кезде жүкті әйелде бастың аурады, бас айналу, көз көруі нашарлауы, құлағында шуыл пайда болып, құсып, жүрегі айнып, іші ауырсынады. Тіпті токсикозда жүктіліктің екінші жартысында эклампсия пайда болады. Экламсия пайда болғанда – қалтыраумен бірге, есті жоғалтуы да мүмкін. Мұндай естен танулар қатты дыбыстың, қатты жарықтың, болмаса қатты аурудың әсерінен де болады. Экламсия жүкті әйелді өлімге әкелетін ауыр бұзылыстың нәтижесі болып табылады. Өлімнің себебіне: миға қан құйылу, ентігіп тыныс алу, бүйректің дұрыс жұмыс жасамауынан болады. Бұл кезде сонымен қатар, ұрық жолдасының мерзімінен бұрын жарылуынан болуы мүмкін.

Емделуі
Ерте токсикоз. Кез-келген токсикоздың болжамы жағымсыз келеді. Токсикоздың бірінші симптомдары пайда болғанда бірден дереу акушер-гинекологка барыңыз. Дер кезінде емделсе, қолайсыз жағдайлардың алдын алуға болады. Ерте токсикоз кезінде тамақты аз-аздан жиі ішіп тұру керек. Тағамды қатты ыстық күйінде жеуге болмайды. Салмағыңызды тұрақты өлшеп тұрыңыз, егерде салмағыңыз жоғарлап немесе төмендейтін болса – бұл апаттық белгі болып табылады. Жағымсыз жағдайларға қарамастан, жүктілікті сақтауға тырысыңыз, себебі келесі жүктілікте токсикоз қайталанып, ауыр формада болуы мүмкін.

Кеш токсикоз.Кеш токсикоздың емі ауруханада жүргізіледі. Төсектік режимді ұстанып, стрестік факторлардан барынша аулақ болу керек. Жүкті әйел сұйықтықты көп ішіп, тұзы шектелген диетаны сақтау керек. Қан қысымын төмендету үшін арнайы дәрілер қолданылады. Егер керек болған жағдайда ақуыз препараттарын күретамыр арқылы тамшылатып енгізеді. Ауыр жағдайда, жүргізілген ем нәтижесіз болса, экламсияның алдын алу мақсатында – жүктілікті үзу керек.

Тегтер:
Преэкламсия
Құсу
Экламсия
Жүктілік