Екібасты бұлшық еттің тендиниті – иық буыны мен тоқпан жіліктің алдыңғы бұлшық етін қосатын
сіңірлердің бірінің қабынуы.Қабыну науашық бойында, яғни сіңір тоқпан жіліктен жоғары қарай бағытталып, иық буынынан сәл жоғары байланысқан жерде болады.
Пайда болатын себептері:
• Артық күш салу, әсіресе ауыр темірлерді көтерумен айналысатын ауыр атлеттерде болатын жағдай.
• Қабыну үрдістері, мысалы, артрит және бурсит.
• Инфекция.
• Жарақат.
Мүмкін болатын симптомдары:
• Қолдың алдыңғы бетіне таралатын иықтағы ауырсыну.
• Екібасты бұлшықеттің иықпен байланысар жеріндегі сезімталдылықтың жоғарлауы.
• Иық қозғалысының төмендеуі және ауырсыну.
• Ісінген екібасты бұлышық ет.
Емдеуде жүргізілетін курсқа: тыныштықта болу, салқын жерде жүру, компрессия, жеңіл жаттығулар жасау, темекі тартпау және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдамау керек. Темекі тарту тендиниттен айығуға кері әсер етеді, себебі ол қанайналымын төмендетеді және тіннің қалпына келуін тежейді. Ыңғайлы болу үшін уақытша ұстап тұрушы таңғыш пайдаланса болады. Егер үйдегі ем нәтижесіз болса, кей жағдайда хирургиялықлық жолмен айықтыруға болады.
Тегтер:
Сіңірдің қабынуы
Иық буыны
артрит