Қабынудан, сүйекке шыққан сүйелден немесе сұйықтық түзілу салдарынан айналмалы манжет сіңірлері сығылып, сүйекке қажалуынан айқасып қалу жағдайы туындайды.

Қолды бастан жоғары көтерген сайын айналмалы манжеткадағы супраспинальді сіңір мен сіңір үстінде орналасқан синовиальді қапшық латеральді беткейіндегі жауырын (акромион) қырының кері жақ бетімен сырғып кетеді.

• Акромионның кері бет жағы тегіс болмағандықтан синовиалді қапшық пен сіңірді сылып тастауы мүмкін.
• Мұндай жағдайда қолды қайта жоғары көтеру, синовиалді қапшықты (бурсит) пен сіңірдің (тенденит) қабындыруы мүмкін.

Уақыт өте келе акромион жақ бетте сіңір сылынуы мүмкін.
• Сіңірде майда жыртылуылар пайда боуы мүмкін. Қайта қалпына келу мақсатында бұл жыртылулардың орнына тыртықты тіндер пайда болады.
• Жайлап тыртықты тіндер сіңірдің айналмалы манжеткалық қызметін төмендетеді.
• Соңында сіңір айналмалы манжетте қолды жоғары көтеретін бұлшықеттің тепе-теңдігін ұстай алмай қалады. Бұл ары қарай айналмалы манжеттің бұзылысына әкеліп, қайтадан жыртылулар мен қайтадан тыртықты тіннің пайда болуына соқтырады. Сіңір неғұрлым әлсіз болса, солғұрлым бөліктенуге немесе толық жыртылуларға бейім тұрады.

Тегтер:

Буындардың ауырсынуы
Буын аурулары
Буындардың жыртылуы