Сепсис – белгілі бір инфекцияның қанға, лимфаға, жасушаларға таралуына байланысты иммунды жүйенің жоғарлаған реакциясы. Ауыр сепсис қан қысымының жиі төмендеуіне себепкер. Ол ағзадағы қанайналымның бұзылуын туындатып, нәтижесінде ағзалық жетіспеушілікке, тіпті арты өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Сепсистің симптомдары - қызба немесе температураның төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, қалтырау және дірілдеу, жүрек соғысының жиілеуі, зәр шығарудың азаюы, есінің шатасуы және сандырақтауы болып табылады.

Сепсистіі симптомдары бактериялық инфекция болып табылады, бірақ кейде басқа да инфекция түрлерін шақыруы мүмкін. Сепсис барлық жастағы адамдарда кездеседі, алайда балалар, қарт кісілер және иммунды жүйесі әлсіреген адамдар бұл індетке көбірек шалдығады.

Сепсистің еміне антибиотиктер, қан қысымын сүйемелдеуші және мүшелік жетіспеушіліктен сақтаушы дәрі-дәрмектер қолданылады.

Тегтер:

сепсис
инфекция
Реакцияның жоғарлауы
Иммунды жүйе
Қалтырау
Антибиотиктер
Бактериаялық инфекция
Қызба
Қан арқылы таралу