ҚҰРМЕТТІ ДӘРІГЕР:
Менің сіздерге қояр сұрағым бар еді. Ішім қатып, қиналып жүргеніме екі жыл болды. Бұрын бұл проблемамды, клизма арқылы реттеп алатынмын, бірақ қазір олар да көмектеспей жатыр. Сіз қандай кеңес бересіз?
Құрметті оқырман:
Іш қату - адамдардың көп жария еткісі келмейтiн нәрселердің бірі. Егер сізде мұндай проблема туындаған болса, онда ол ауыр және өте жайсыз құбылыс екенін білесіз. Ересек жастағы тұрғындардың шамамен 2% іш қатудан зардап шегеді бүгінде; соның ішінде әйелдер мен қарт адамдар осы жайсыздыққа жиі ұшырап жатады. Негізі іштің қатуы қауіпті құбылыс емес, бірақ ол біршама жайсыздық тудырады.
Іш қату дегеніміз не?
Ішек бойының босауы қиындап, әдеттегіден әлдеқайда сирек дәретке отырғанда іштің қатуы пайда болады. Әр адамның іш босату жиілігі әртүрлі болады және әрбір адамда әрқандай өзгерістер орын алып жатуы мүмкін. Кейбір адамдар дәретханаға күніне 3 рет барса, ал басқалары аптасына бір немесе екі рет барады. Алайда, 3 күннен асып кетсе, ол аса сирек үзіліс болып саналады. Дәрет нәжіс қатып, ішек бойымен жылжыу қиынға соғады.
Кем дегенде үш ай бойы мынадай 2 жағдайда орын алса, сізде іш қату проблемасы туындағын деген сөз:
• Дефекация уақытының 25% -нан астамы күшенуіңізге жұмсалатын болса;
• Нәжісіңіздің 25 % дан астамы қатты болғанын байқасаңыз.;
• Ішіңіздің 25% - дан астам бөлігін босата алмасаңыз;
• Үлкен дәретке аптасына 3 реттен аз барсаңыз .
Іш неден қатады?
Органикалық аурулардың себебінен ішектің функционалдық бұзылулары пайда болады.
Іш қатудың жиі кездесетін себептері:
• Суды тым аз қабылдау;
• Азық құрамында талшықтың аз мөлшер де болуы;
• Әдеттегі диетаның бұзылуы; саяхатта жүру;
• Физикалық белсенділіктің төмендеуі немесе қозғалыссыздық;
• Көптеген сүт өнімдерін пайдалану;
• Күйзеліс;
• Дәретханаға баруды саналы түрде қысқартатындықтан (кейде ауыр геморройға байланысты) ,
• Уақыт өте келе ішектің бұлшық еттерін әлсірететін дәрілік заттарды пайдалану, яғни іш жүргізетін препараттарды өте жиі пайдалану;
• Гипотиреоздизм;
• Паркинсон ауруы немесе склероз сияқты неврологиялық бұзылулар;
• Кальций немесе алюминий бар антацидтерді қабылдау;
• Басқа препараттар (әдетте ауырсынуды басатын - есірткі анальгетиктерін, антидепрессанттарды, темір препараттарын)
• Депрессия;
• Тамақтану тәртібі бұзылуы;
• Тітіркенген ішек синдромы ;
• Жүктілік кезінде;
• Тоқ ішектің қатерлі ісік ауруы;
Кейде іш қатудың себебі ішектің жүйке немесе бұлшық еттерінің әлсіреуінен болуы мүмкін.
Іш қатудың белгілері қандай?
Іш қатуының белгілері:
• дәретханаға қажеттіліктің жиі туындамауы және / немесе несеп шығаруда қиналу;
• Іштің ауыруы және желденуі;
• Ауырсыну;
• Құсу.
Диагнозды қалай анықтау керек?
Көпшілік адамдар іш қатуды анықтау үшін күрделі диагностикалық әдістерге мұқтаж емес. Іші қатқан адамдардың аз ғана бөлігінде ауыр жағдайлар орын алуы мүмкін. Егер сіздің ішіңіз екі аптадан астам қатып, жүрмей тұрса, мәселенің себебін анықтауға және емдеуге мүмкіндік беретін дәрігерге бару керек. Ішектің қатерлі ісігі болған жағдайда, ерте диагноз қойып және оны емдеу өте маңызды.
Диагноз қою үшін дәрігер қандай амалдар қолданады:
• Гормональды теңгерімсіздікке күдіктенсе, қан сараптамасын жүргізу;
• Ішектің өткізгіштігін бағалау үшін баримен рентген жасау;
• Ішектің өткізгіштігін бағалау үшін колоноскопия жасау;
Іш қатуымен ауыратын науқастардың көпшілігінде олардың белгілерін түсіндіре алатын аурулар жоқ, сондықтан олар екі мәселенің біреуімен зардап шегеді:
• Тоқ ішектің атониясы. Ішектің жиырылуы нашар күйде болған жағдай, ол дәретті ұстап тұрады. Кешіктіріледі.
• Дефекацияның қиындығы. Дәретті шығару үшін қатты күшенуді керек қылатын жағдай.
Іш қатуды болдырмау үшін не істесем болады?
Іштің қатуының алдын алудың бірнеше жолы бар. Олардың ішінде:
• Көптеген талшықтармен теңдестірілген диета тағайындау керек. Талшықтарға бай азық көздері – жеміс-жидек, көкөніс, тұтас дәнді нан және дәнді дақылдар (әсіресе кебек). Дәреттің жүруіне талшық пен су әсер етеді.
• Тәулігіне бір жарым литр судан екі литр суға дейін ішу және басқа сұйықтық ішу (басқа ауруларға байланысты сусын шектелмеген жағдайда). Кофеин, мысалы, кофе және алкогольсіз сусындар сияқты сұйықтар, организмді құрғататын әсерге ие және ішек функциясы қалыпты болғанша бұл сусын түрлерінен аулақ болу керек. Кейбір адамдар сүт ішпеуі керек, себебі сүт өнімдері іш қатуына әкелуі мүмкін.
• Тұрақты жаттығулар. Мұқтажды сезген кезде ішекті дереу босатыңыз.
Іш қатуды қалай емдеуге болады?
Емдеу - іш қатудың себебіне байланысты. Көптеген адамдарда жеткілікті талшықпен, тұрақты жаттығуымен және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіліп, сау тамақтанып жүрсе, іш қатуы жойылады.
Талшықты қайдан алуға болады?
50 жасқа дейінгі еркектерге күніне кем дегенде 38 грамм талшықтар, 50 жас және одан кіші жастағы әйел адамына - кемінде 25 грамм ұсынылады. Диетаны талшықпен байыту үшін оған талшықтарға бай тағамдарды қосыңыз. Кішкене талшықтан бастаңыз және оны біртіндеп арттырыңыз. Бұл газдардың пайда болуын және ісінуді азайтады. Көбірек су ішуді ұмытпаңыз. Талшыққа бай тағамдар мыналарды қамтиды:
• Тас бұршақ;
• Кептірілген жемістер;
• Жаңа піскен жемістер мен көкөністер (кемінде екі шыныаяқ жеміс пен күніне екі жарым кесе көкөністерді жеңіз)
• Бидай ( йогуртқа немесе айранға қосып )
• Тұтас дәнді нан және күрең күріш (ақ нанның немесе ақ күріштің орнына)
• Сонымен қатар, талшықтың көздері:
• Зығыр тұқымы
• Жолжелкеннің (подорожник) тұқымын қамтитын өнімдер. Әдетте олар ұнтақ және басқа формаларда келеді (мысалға, метамуцил)
Іш жүргізетін препараттарды қабылдау керек пе?
Жалпы, оларды қабылдамауға тырысыңыз. Олар ұзақ мерзімді пайдалану үшін арналмаған. Тек - ішек заттардың яғни дәреттің көлемін арттыратын емдік заттарды қолдану керек.
Мұндай емдік заттар, дәреттің көлемін табиғи түрде сумен ұлғайтып, дәреттің ішек бойымен өтуін жеңілдетеді. Оларды күн сайын қолдануыңызға болады. Оларға мыналар жатады: сұлының кебегі, жолжелкен тұқымы, поликарбофил және метилцеллюлоза
Мұндай заттарды қалай қабылдауға болады?
Осындай іш жүргізетін әрекеттерді күнделікті оырндап тұру керек. Орамдарындағы нұсқауларды орындаңыз. Бірте-бірте бастаңыз және көптеген сұйықтықтарды ішіңіз. Ағзаңыз үйренген сайын 3-5 күн ішінде тұтынылатын мөлшерді біртіндеп арттырыңыз. Дәрет жұмсарып, ішіңіздің қатуы жойылғанша үзбей қабылдау керек.
Дәмін жақсарту үшін жеміс шырынын араластыруға болады.
Мұндай емнің жанама әсерлері бар ма?
Егер, бірден көп мөлшерде қабылдап, немесе ағзаңыз үйренбейінше мөлшерін ерте көбейтсеңіз, іштің кебуін, метеоризм және іштің ауыруын туындатуы мүмкін. Бірнеше аптадан кейін, немесе одан аз уақыт өткеннен кейін бұл симптомдар кетуі тиіс.
Минералды май жақсы іш айдағышқа жата ма?
Дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қабылдағаныңыз жөн. Мысалы,операциядан кейін күшенуге болмайтын жағдайда ғана, минералды майды пайдалануға рұхсат. Минералды майларды үнемі қолдануға болмайды. Оны жиі қабылдағаннан А, Д, Е және К дәрумендері азайып кетуі мүмкін.
Клизмаларды пайдаланған жөн бе?
Әдетте бұл іш қату үшін қажет емес. Ағзаңыздың табиғи түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау қажет.
Ұзақ уақыт бойына клизманы немесе іш жүргізетін препараттарды қолдансам не болады?
Егер ағзаңызды ұзақ уақыт бойы іш жүргізетін препараттар ғанемесе клизмаға үйретіп алсаңыз,сіздің дәрігеріңіз, ағзаңыз қалыпты жағдайға оралу үшін, оларды біртіндеп тоқтатуды ұсынады. Ағазыңызды мүмкіндігінше дәрі дәрмексіз, клизмасыз қалыптастыруға тырысқаныңыз жөн. Яғни бұл, талшықты тағамдарды көп жеп, табиғи дәрет массасын күшейту үшін толтырғыштарды қолданып, суды артығырақ ішіп, жаттығулар жасап және дефекацияға ұзағырақ уақыт бөлу керек деген сөз. Төзімділікпен қарағаныңыз жөн. Ішектің қалыпты жұмысына оралуы бірнеше айға созылуы мүмкін.
Егер сізді кейбір жайттар алаңдатса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Дәрігер маған тағы қандай ем тағайындай алады?
Іш қату себептеріне, симптомдардың ауырлығына және басқа емнің тиімділігіне байланысты дәрігер мынадай кеңес бере алады:
Рецепт бойынша ауру белгілерін басатын “лубипростон” тәрізді дәрі-дәрмектер;
Ішек бойымен дәреттің жеңіл өтуі үшін жасалатын ем шаралар;
Зақымдалған ішекті жою үшін жасалатын ота. Бұл талап сирек кездеседi;
.Себепке байланысты өзге де емдеу шаралары.
Осы бөлімдегі басқа материалдарды оқыңыз:
Суықтың алдын-алу тәсілдері туралы
Бүйрек тастарының профилактикасы
Мерцательді аритмияны емдеу әдістері
Баланың бас сүйегінің деформациясын қалай болдырмау керек
Геморройдың алдын алудың тиімді әдістері
Простатикалық гиперплазия туралы (простатаның кеңеюі)
«Плацебо әсері» дегеніміз не?
Белдегі ауырсынуды қалай болдырмау керек
Конъюнктивит
Мойындағы ауырсыну. Ауырсынуды жеңілдету жолдары.
Мұрыннан қан кету
Электрондық сигареттердің қауіпсіздігі туралы
Бірнеше дәріні қабылдау ерекшеліктері
Балалардағы конвульсиялар
Ерлердегі зәрді ұстамау. Емдеу әдістері..
Маммография және сүт безі қатерлі ісігі
Сіңірлердің созылуы және үзілуі
Метаболалық синдром
Ине қадау және ауырсыну
Колоноскопия және тоқ шектің қатерлі ісігі
Гастроэнтерит - алдын алу
Остеоартроздағы ауырсыну
Созылмалы жөтел - емдеу
Жамбас мүшелерінің қабынуы және бедеулік
Зәрдегі қанның пайда болу себебі
Баланы қосымша азықтандыруды бастау уақыты
Іштің қатуын алдын алу және емдеу
Сүт безінің обырын емдеу
Профилактикалық медицина академиясының кеңесі:
Несеп жолдарының инфекциялары және мүкжидек шырындарының артықшылықтарыа
Тұмауға қарсы вакцина: кімге егу керек және қашан?
Қатерлі ісікке жол бермеудегі 7 түрлі тәсілдері.
Артериалды қан қысымын азайту және емдеудің 10 тәсілі
Ұзақ уақытқа созылған суық тию және онымен қалай күресуге болады
Ана болудың қуанышы мен қиындықтары
Тегтер:
іш қату
Колоноскопия
Диагностика