Етеккір циклі – 1) айлық цикл, алғашқы етеккір кезеңінің басталуымен келесі етеккірдің басталуына дейінгі кезеңде гармондардың өзгеруімен сипатталады; 2) ай сайын әйел денесінің жүктілікке дайындалу жүйесі. Жатырда эндрометрия деп аталатын жаңа қабықша пайда болады; аналық бездердің бірі аналық жасуша бөліп, ол өз кезегінде ұрықтандырылмай, кейін аналық жасуша етеккір кезеңінде жатырдан ағып, түсіп кетеді.
• 1-6 күннің арасы. Жатыр етінің қабығы жұмсарып, ол өз кезегінде етеккірлік қан кетудің басталуына әкеледі. Етеккірдің алғашқы күні – етеккірлік қан кетудің бірінші күні.
• 7-ден 14 күн бойы (фолликулярлы кезең). Жатыр қабықтары жүктілікке дайындалу үшін жуандалады. Аналық жасуша (айына бір рет) ішкі қаптан (фолликула) аналық безге бөлінуге дайындалады.
• 15-тен 28 күнге дейін (лютеалды кезең). Аналық жасуша босайды (овуляция).
Егер аналық жасуша ұрықтандырылса, ол жатыр қуысына еніп, қабырғаға бекітіледі. Жүктілік басталады.
Егер аналық жасуша ұрықтандырылмаса, жатырдың ішкі қабаты етеккір кезеңінде қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Бұл цикл қайталанып тұрады.