Бұл не? Буынның шығуы – сүйектердің буындағы қалыпты орнынан қайырып немесе соғып қозғап жіберуінен туындайтын жағдай. Мұны кейде таю деп те атайды. Сүйектің таюы әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы дәл буынға тиген соққыдан, құлап қалғаннан, немесе оқыс жасалған іс-қимылдардың себебінен сүйек өз орнынан қозғалып кетеді. Көбінесе сүйектің таюы тізе асығында, жамбас буынында, білезікте, саусақтардың буындарында, шынтақ және иық буындарында орын алуы мүмкін.
Буын шығудың қандай түрлері болады?
Егер адамның буындары табиғатынан әлсіз болса, күнделікті тұрмыстағы жағдайда да буын тайып кете береді. Кейбір жандар жарақат алғаннан кейін, буындары дұрыс бітпеуіне байланысты буын алынбалы-салынбалы болып қалады. Кішкентай балалардың сүйектерінің шығуы дөрекі қылықтардың салдарынан болады. Кейде іште жатқан баланың буындары дұрыс қалыптаспай қалғаннан да болады. Потологиялық тұрғыдан буындарды ұстап тұратын сіңірлердің әлсіз болуына байланысты Марфан синдромымен ауратын адамдардың буындары тайғыш келеді.
Асқынып кетсе қалай болады? Сүйекті орнына салғаннан кейінде тайғыш болуы салмақты мәселеге айналады. Себебі, ұсақ тіндер созылып немесе үзіліп кетуі ықтимал, болмаса, буынның айналасындағы (байламдар, сіңірлер, бұлшық еттер, шеміршектер, буын қабықшалары) үзіліп кетуі мүмкін. Жарақаттану жүйке жүйесі мен қаназық тамырларын зақымдауы мүмкін. сүйек сынығы буын ішінде сынып, немесе қысылып қалып қоюы мүмкін. Осы аталған мәселелерге қатысты буынның шығу түрі кездессе, оны тек хирургиялық жолмен қана емдеп көруге болады.
Тегтер:
буынның шығуы
буынның алынбалы-салынбалы болып қалуы,
буында сүйек сынығының қалып қоюы