Химиялық заттардан болған күйік, теріге шектеулі түрде ғана реация береді, негізі жалпы реакциясы одан күштірек.

Қышқылдық заттарға дәретханаға арналған тазартқыштар, аккумулятор қышқылы, ағартқыштар, химиялық заттар, өнеркәсіпте улау үшін пайдаланылатын кристалдардың бөліктері, сондай-ақ газ қосылған химикаттар жатады. Қатты және сұйық қышқылдар түріне қарай түрлі жарақат тудыруы мүмкін, әрине ол қышқылдың денемен жанасуда күші мен ұзақтығына қарай. Жанасқан жердің айналасына күйік қатты тарала қоймайды, және тіндер(ткани) терең зақымданбайды. Бірақ олар жеткілікті түрде салмақты жалпы реакцияға ұрындыруы мүмкін .

Химиялық күйіктің қосымша белгілеріне (қышқылмен ұзақ және қарқынды жанасуда оқшаулануына байланысты) мынадай жайттар жатады:

• Іш ауырады;
• Дем алу қиындайды;
• Тері бозалып, ерін қызарады;
• Бас айналады;
• Бас ауырады;
• Есекжем шығып, ісініп, жүрек айнып, әлсіреп аллергиялық реакция береді;
• Тері күйіктері бөртіп кетеді;
• Ес жоғалтады.

Химиялық күйікке ұрынғанда не істеу керек? Химиялық күйік болған кезде, қандай химиялық заттан күйгенін біліп алыңыз. Күйіктің алдын алу үшін, міндетті түрде, таксикологиялық орталықтан қосымша мәлімет алыңыз. Таксикологиялық орталыққа хабарласпас бұрын, химикаттар салынған қорапшаны жаныңызға қойыңыз, таксикологиялық орталықтың қызметкеріне оның сыртына жазылған ақпаратты оқып беріңіз.

Көбінесе, химиялық күйіктің алдын алу үшін денедегі химикатты суық сумен әбден жуып тастау керек, деседе, барлық химикаттар мұмндай тәсілмен толық жойылмайды. Маңыздысы, күйікті кейін асқынып кетпеуі үшін дұрыстап емдеу керек.

Химиялық күйіктерді сумен кетіру үшін:

• Күйіктің орнын тездетіп сумен еселеп жуыңыз. Күйіктің алғашқы минуттарында жуып тастаса асқынудың алдын алуға болады.
• Химиялық заттарбен байланысудан амал болса, аулақ жүруге тырысыңыз.
• Айналаңыздағы адамдардың көздеріне химиялық заттарды шашыратып алмаңыз.
• Зақымданған жерді кем дегенде 20 минуттың ішінде жуып тастаңыз.
• Ыстық суды қолданбаңыз, өйткені ол күйген жерді одан сайын зақымдауы мүмкін.
• Егер қасыңыздағы адам химиялық заттан зардап шеккен болса, оны жууға мажбүрлеңіз.
• Егер химиялық затты араластыру керек болса, қолыңызға міндетті түрде арнайы қолғап киіп алыңыз.
• Зақымдалған жеріңізді жуып жатқанда киіміңізді шешіп қойыңыз және қымбат заттарды да бөлек алып қойғаныңыз жөн болады, себебі, оларға химикат жұғып қалуы ықтимал.
• Егер 20 минуттан кейін зақымданған жер ашып тұрса, онда қайтадан 10-15 минут бойы суық суды ағызып қойып жуыңыз.
• Жуып болғаннан кейін, зақымданған жерді тазартылған кебу материалмен немесе дәкемен ақырын орап қойыңыз. Бірақ, жарақатыңызды қысып тастамаңыз.
• Жеңіл химиялық күйіктер, арнайы емдемесе де өздігінен жазылып кетеді. Ал егер салмақты күйік болып жатса, дәрігерге көрінген дұрыс.
• Тағы бір маңыздысы, күйікпен жарақаттанған адамдарды жалғыз қалдырмаңыз, өйткені жалпы реакцияның белең алып кетуі мүмкін.
• Таксикологиялық орталықтың, немесе, күйік орталығындағы маманның кеңесінсіз, өз бетіңізше химиялық заттарды залалсыздандырмаңыз.
• Химиялық заттардың тін көбікшелерін немесе бөліктерін өз бетіңізше жоюға асықпаңыз.

Суға жууға болмайтын химиялық күйіктер. Кейбір қышқылға күйген күйіктер жуу барысында асқынып кетеді.

Күкірт қышқылы жұмсақ сабын ерітіндісімен жуылады, егер қатты күймесе. Суға жуу барысында қышқыл ысып кетуі мүмкін, десе де қышқылды теріде қалдырмай, жуып тастаған қанша дегенмен дұрысқой.
Карбон қышқылы немесе фенол сумен үйлеспейді, сондықтан терідегі химикатты кетіру үшін су қосылған спиртті пайдаланыңыз, содан кейін сумен жуыңыз. Егер қолыңызда ондай спирт болмаса, онда салқын сумен жуыңыз. Химикат көзге тамып кеткен болса, онда спиртті мүлдем жолатпаңыз.
Фторлысутегі қышқылымен зақымданған күйікті ас содасын суға езіп, сонымен жуады. (оны дайындау барысында суды барынша аз пайдаланыңыз). Содан соң сумен әбден жуыңыз. Бұл қышқылмен зақымданған күйіктер бірден көрінбейді, сондықтан қышқыл тиген жерді еш зақым көрінбесе де жуып тастаңыз. Ескерте кетейк, ас содасы араласқан сумен көзді жууға болмайды.

Химикат көзге тамып кетсе, тез арада сумен еселеп жуа беріңіз, себебі ол көзді қатты зақымдап тастауы мүмкін.

Тегтер:

Химиялық күйік
Күкірт қышқылы
Карбон қышқылы
Фенол
Фторлысутегі қышқылы