Қынаптағы ашытқыш инфекция (вульвовагинальды кандидоз) – қынаптағы ашытқы ағзалардың шамадан тыс өсуі. Инфекцияның әсерінен қышу мен ісік пайда болады, зәр шығару кезінде және жыныстық қатынаста ауырады, сондай-ақ, қынаптан ақуыз ағады.

Ашытқыш ифекция денсаулыққа кері әсерін көп тигізе бермейді, бұл тек қатты қолайсыздық пен қобалжу сезімдерін тудырады.

Қынаптың ашытқыш инфекциясы бала туу жасындағы әйелдерде жиі кездеседі. Кейде кез-келген жастағы әйелдерде де кездесуі мүмкін. Қынаптағы ашытқыш инфекцияның қауіпін арттыратын белгілі бір факторлар бар. Мысалы: антибиотиктерді, жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану, гармондарды алмастыру терапиясы немессе кортикойдтарды қолдану; жүктілік; жуыну; қысатын немесе ауа кірмейтін іш киімдерді киу. Ашытқыш инфекция асқынып кетсе, иммундық жүйедегі аурулар мен қант диабеті сияқты басқа да аурулар мен астасып кетуі мүмкін.

Қынаптың ашытқыш инфекциясы өздігінен де қайтады. Ал сақталып қалған инфекция болса, онда қажетті дәрі-дәрмектерді пайдалануды талап етеді.

Тегтер:
уылу
қышыну
инфекция
кандидоз
дисбактериоз