Менисктер – деп тізе буынындағы қозғалмалы ірі шеміршектерді атайды. Олар буында амортизатордың рөлін атқарады, сондай-ақ тізе буынын тұрақтылықта ұстап тұрады. Қозғалыс кезінде, тізе буынында менисктер қысылады, олардың формалары өзгереді. Бұл жүйе тізе буындарының шеміршекті құрылымын қалыптастыруға қатысады. Менисктер асықты жіліктің айдаршығында орналасқан.
Тізе буынында менисктердің екі түрі бар:
• сыртқы (бүйір тұсы) О әріпіне ұқсап келеді
• ішкі (ортаңғы тұсы) С әріпіне ұқсап келеді
Олар буынның алдыңғы жағына көлденеңінен біріктірілген. Сыртқы мениск ішкісіне қарағанда қозғалуға барынша икемді, сондықтан ол көп жарақаттана бермейді.
Ішкі мениск тізе буынының жылжымалы ішкі бүйіріне әлсіз орналасқан, оның жиі зақымдана беруінің себебі де осы. Ішкі мениск қан айналымының артуына ықпал ететін артерия капсулаларымен қоректенеді. Ішкі бөлік буынның тереңінде орналасқан, және ол өзі қанмен жеке қоректене алмайды, ал жасушалары ішкі буындағы суйықтықтармен тазарып, қозғалысқа түсе береді. Сондықтан бүлінген менисктер буын капсулаларымен жақсы бітіскенімен, тізе буынының тереңгі жағындағы жарылған бөліктер мүлдем бірікпейді.
Сирақты ары-бері бұрып, жылдам қозғалыс жасаған кезде зақымданған менисктер бірден белгі береді. Менисктердің жарылуы әссіресе жиі отырып-тұруда, қатты секіргенде пайда болады. Жиі жарақаттану, менисктердің жарылуы онша қауіпті көрінбеуі де мүмкін. Ішкі мениск ең көп жарақаттанғанда яғни 75% ға дейін шыдай алады. Одан кейін ол ішкі бөліктердің барлығын зақымдап, алдыңғы бөлікке өтеді. Менисктің кесілген бөлігі денемен байланып тұрған бөлігіне жылжи отырып буын қуысына және асықты жілік пен жамбасқа қысым арқылы жылжи береді.
Клиника. Егер жарақат алғаннан кейін тізе қатты сырқырап ауырса, аяқты қозғалту, бүгу мүмкін болмай қалса, ауырғанынан аяғыңды соққылағың келіп, жан таптырмаса – ескеріңіз, бұл SOS-тың белгісі. Тізе қозғалысының жүйесі бұзылып, қатты сырқырағанда емделуші жан таппай кетеді. Кейде менисктің жарылуы тізе буындарынан қан кетуіне апарып соғады (гемартроз). Алайда, көбінесе, жылдам қабынулар буынның ішкі қабығында – синовитке ұласады. Науқас аяғын бүккен күйінде ұстап қалады, себебі ауру бүккен сайын күшейеді, әсіресе буынның бүгу шегіне жеткен кезде. Тізені сипаған кезде (уқалаған) шеміршектердің қабынған тұсында ауырсынғаны сезіледі. Тізе бүгілген кезде иілмелі буылтық сүйек арасындағы саңылаудың үстіңгі жағы қозғалғанда ауырады. Осы дерттің түрі – буынның сыздауы (ісіңуі) немесе қозғалуы болып табылады.
Диагностика. Рентген тек зақымданған сүйекті тексеру үшін жақсы. Менисктерді ол «көрмейді». Ең тиімді жолы оны тек компьютерлік рентгенограммаға түсіру керек. УДЗ зақымданған буынның 50-60% ғана ақпаратын бере алады. Диагностикалық сұрақтардың 95% жауабын тек магнитті-резонансты томография (МРТ) әдісі ғана бере алады. Ол ондағы барлық проблемалардың басын ашып береді. Және менисктің жарылған тұсын анық көрсетеді. Рентген бұларды елеусіз қалдыруы мүмкін.
Емдеу. Егерде «мениск жарылған» деген диагноз қойылса, онда тізенің буын шеміршектері үзілмей тұрғанда емдеуді дереу қолға алу керек. Жыртылған менисктерді тігу керек пе, әлде, жою керек пе? Оны дәрігер шешеді. Бірақ тігілгені дұрысырақ. Әсірессе биосорылғыш жіппен. Содан соң буынды 3-4 апта қозғалтпай күту керек. Бірақ бұл оған тұрарлық. Узақ уақыт бойы емделмей, жарылып, әбден асқынған менискті жоюға тек хирург келеді. Оны қалпына келтіру мүмкін емес.
Тегтер:
тізе
буын
жарақат
ауруы
сынуы
алшақтық
шеміршек