Атрофиялық вагинит – әйелдерде етеккір тоқталған мезетінен соң (менопаузадан кейін) эстрогеннің жеткіліксіздігінен пайда болатын жағдай. Атрофиялық вагинит кезінде қынаптың ішкі кілегей қабаты (эндометрий) жұқарып, нашарлайды. Әйелдердің 40%-ына дейін етеккір тоқталған мезетінен соң атрофиялық вагинит симптомдары көрініс береді.

Атрофиялық вагинит белгілері:
• қынап құрғақтанады;
• қынапта күйдіргендей ауруыры сезімі білінеді және тітіркендіреді;
• жыныстық қатынас кезінде жағымсыз түрде ауырады;
• жыныстық қатынастан кейін қан ағуы мүмкін.

Атрофиялық вагинит қаншалықты қауіпті? Эндометрияның жұқарып, қынаптағы қышқылдың төмендеуінен, атрофтиялық вагинит арқылы әйелдің жыныс мүшесі немесе зәр шығару органдарына инфекцияның тез еніп кетуі мүмкін.

Қандай амал қарастыру керек? Қынаптың құрғақтана беруін және эндрометряның жұқарып кетпеуі үшін менопаузадан кейін жақпа май түріндегі вагинит эстрогенін (вагинальный эстроген) қолдану керек, сондай-ақ жергілікті ылғалдандырғыштар да пайдасын тигізуі мүмкін.

Тегтер:

вагинит
Атрофиялық вагинит
эстроген
Гормондар
менопауза