Бұл не? Анафилаксия –адам өміріне қауіп төндіретін және бүкіл организмді зақымдайтын ауыр аллергиялық реакция. Ол ағзаға белгілі бір аллерген әсер еткен сәттен бірнеше секундта немесе минутта дамуы мүмкін. Анафилаксия да астма сияқты тез пайда болатын аллергиялық серпінге жатады. Екеуінің айырмасы: астма тек тыныс алу жолдарын зақымдайды, ал, анафилакция бүкіл организмге таралатын аллергиялық серпін.

Анафилакцияның симптомдары:
• Қышыну
• Теріде қызыл бөртпелердің шығуы
• Тыныс алудың қиындауы
• Белгілі бір жердің немесе жалпы дененің ісінуі. Егер де ерін, тіл, ауыз қуысы, жұтқыншақ жақтар ісісе, онда ол қауіпті, себебі одан адам тұншығуы мүмкін.
• Іштің құрысуы.
• Қан қысымының төмендеуі, есеңгіреу немесе естен тану.

Адамға аллерген әсер еткеннен кейін, симптомдар неғұрлым тез дамыса, солғұрлым анафилакциялық серпін ауыр болады. Анафилакциялық реакция – аллергенмен алғаш жанасқанда да, одан кейін жанасқан кезде де немесе қайталап жанаса бергенде де дамуы мүмкін. Бұл жерде аллергендердің саны маңызды емес, олар аз мөлшерде болса да аллергиялық серпін дами береді.

Емделуі: Анафилакциялық серпін – адам өміріне қауіпті, немесе, ауыр жағдайға апаруы мүмкін. Анафилакциялық серпін болғанда әрқашан жедел-жәрдем көмегі қажет. Ем алғашқы минуттан-ақ жүргізілуі керек және тез арада мына дәрілерді енгізу керек: адреналин, антигистаминдік препараттар,бронх кеңейткіштер, инфузиялық сұйықтықтар.

Тегтер:
Анафилакциялық шок
аллергия
шок
преднизолон
адреналин
Ісік