Деменция - адамның жалпы ақыл-ой қабілеттерінің қатты нашарлауы. Оның салдарынан тіпті күнделікті тіршілікті игеру де қиынға соғады. Мұның әсерінен есте сақтау қабілеті төмендейді, күнделікті қарапайым мәселелерді шешу қиынға соғады, оқу және өзге де менталды функцияларды игеру мүмкіндігі шектеледі.

Деменция түрлі жағдайлардан туындауы мүмкін, соның ішінде мидың ісіктері, бастан жарақан алу немесе инсульт алу; аурулар (мысалға Альцгеймер ауруы); немесе ішімдікке деген тәуелділік. Кейбір топтағы адамдар (әсіресе, қарттар) бұл ауруға ұшырамаса да, деменцияға тап болғандай көрінуі мүмкін (жалған деменция).

Деменциямеауырытын адамдарда мына белгілер байқалады:
• Мазасыздық және есте сақтау қабілетінің жоғалуы.
• Күнделікті өзіндік міндеттерді орындай алмау.
• Өзін-өзі ұстай алмау, күтпеген мінез-құлыққа алып келеді (мысалы, заттарды лақтыру, басқа адамдарға айқайлау немесе басқаларды күдікпен айыптау).
• Өздігінен шешім қабылдай алмау, пікір таластырып, жаңа шешімдер шығаруға мүмкіндігі жетпеуі.
• Физикалық функциялардың жоғалуы (мысалы, зәр шығару).

Тегтер:
деменция