Бұл қандай ауру? Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысты болып жүр. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.. В және С гепатиттері туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қараңыз: гепатит В және гепатит С.

А Гепатиті гепатиттердің ең қауіпті түрі болып табылады. В және С гепатитінен айырмашылығы А гепатитінде созылмалы аурудың дамуына алып келмейді.

Вирусты А гепатиті ластанған су мен бұзылған азық-түлік арқылы беріледі. Сондай-ақ, А Гепатитімен ауыратын адамнан да жұғады. Вируысты А гепатиті науқастың нәжісінен де бөлінеді. Инкубациялық деп аталатын кезеңі 15-45 күнге дейін созылады. Нәжістен басқа, қан және организмнің басқа да сұйықтықтарынан жұқтыруы мүмкін.

Вирусты А гепатиті емделгеннен кейін организмде салып қалмайды. Сондай-ақ, А гепатитінің тарататын нақты фактор жоқ, деседе, осы инфекцияны адам өзі ауырмаса да, басқаларға таратып жүруі ықтимал. Осындай жағдай (тасымалдаушы) В гепатитінде де пайда болуы мүмкін.

А гепатитінің қауіпті факторлары: А гепатитімен ауыратын адаммен бірге өмір сүру, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка елдеріне туристік сапармен бару, сондай-ақ, есірткіні тамыр ішіне қолдану.
А Гепатитнің белгілері:
• Сарғыштану
• Әлсіреу
• Дене температурасының сәл көтерілуі
• Барлық дененің қышынуы
• Тәбеттің болмауы
• Несептің күңгірттенуі (оның түсі күңгірт-сары немесе қоңыр түсті болады)
• Нәжістің түссізденуі (нәжіс ақшыл-сұр түсті болады).

А гепатитінің диагнозын табу үшін дәрігер, зертханалық зерттеулер негізінде тексеру жүргізеді. Антиденелерді қатыстыра отырып, бауыр ферменттерінің деңгейін анықтайды.

Емделуі. А гепатитіне арналған арнайы емдеу түрі жоқ. Науқастардың 85%-нан астамы 3 ай ішінде сауығып кетеді. Басқа науқастарда ауру ұзағырақ созылады, бірақ, әдетте, 6 айдан аспайды. Демалу және төсектік режим ұсынылады. Бауырға зиян келтіретін алкоголь өнімдері мен кейбір дәрі-дәрмектерді пайдаланбау керек. Сондай-ақ майлы тағамдардан бас тартып, Пайдалы ас ретінде – асқабақты тұтыну керек.

Вируысты А гепатитін жұқтырудың алдын-алу үшін: қолды ұқыптылап жұу керек; сондай-ақ таза суды қолданып және А гепатитімен ауыратын адамдардан мүмкіндігінше аулақ болу керек. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерді санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес таза сумен қамтамасыз ету қажет.

А гепатитімен ауыратын адамдармен байланысқа түскен адамдарға иммуноглобулиндерді енгізу ұсынылады.
А гепатитіне қарсы ең тиімді шара – екпе жүргізу. Екпе (вакцина) алғаш енгізген күннен бастап 4 апта бойы қорғаныш қызметін атқарады. Ұзақ уақыт бойы қорғау үшін, алғашқы дозадан соң, 6 және 12 ай араға салып барып қосымша екпелер алған дұрыс.
А гепатитіне қарсы екпе егу ұсынылған адамдар:
• А гепатитін жұқтыру қаупі жоғары елдерге баратын адамдар. Екпені 4 апта бұрын салдырады, содан соң 6 және 12 ай араға салып енгізу керек. Бұдан басқа, иммуноглобулинді инъекция алуға да болады.
• В немесе С созылмалы гепатиті бар адамдар
• Инъекциялық есірткі тұтынушылар.

Тегтер:
Гепатит А
Сарғаю
сары ауру
Гепатит А себебі
Гепатит А емі
Гепатит А симптомдары