Баяу ісіну әдетте қауіпті емес. Жалпы ісінудің әсерінен буынның қалыпты қозғалысы тұйықталады немесе аяқты созу, бүгу барысында ебедейсіздік пайда болады. Егер ісік үйде-ақ емделсе және ешқандай басқа да симптомдар байқалмаса, онда дәрігерге барып қаралудың қажеті шамалы
Әдетте, аяқ-қолдың ісінуі жиі отырғаннан немесе ұзақ тұрғаннан пайда болады. Ол кейде, күннің ыстығынан немесе суықтан да болып жатады. Орындықта немесе сәл жантайыңқырап отырғанда және ісініп тұрған аяқты жоғары көтеріп қойса мұндай ісіктер тез қайтады.
Ісінудің қауіпті жақтары:
• Аллергиялық реакцияға ұқсас болса, жәндіктердің шағуынан немесе жаңа дәріні қабылдағаннан. Себебі сондай кезде аяқ-қол қатты іси бастайды. Көбінесе мына жерлер: (білек және шынтақ, табан және тізе);
• Ісінген жердің қанмен қамтамасыз етілуі тоқтап қалса немесе төмендеп кетсе;
• Жарақаттанған аяқ-қолды көтеру мүмкін болмай, сырқырап ауырып тұрса;
• Ол тек бір аяққа ғана әсер етсе, күре тамырдағы қан ұйып қалуы мүмкін. (терең күре тамырдағы тромбоз)
• Ол кейде лимфа түйіндерді алып тастағанда, мысалыға, кеуде рагына шалдығып, кеуде безін алып тастағанда да пайда болады. Аяқ-қолдың бұлай ісінуі лимфодемодан болуы мүмкін.
• Егер сіз жүрек ауруымен ауырсаңыз, немес, жүрегіңізде бір ақау болса және тосын ұстамаңыз болса солардың әсерінен де аяқтарыңыз ісініп кетеді.
• Безгектің инфекциясы болса да аяқ-қол өзінен өзі ісінеді
Тегтер:
аяқтардың ісінуі
күре тамыр тромбозы
Аллергиялық реакция
қаназықпен қамтамасыз ету
жүректегі ақау