Меланома – қатерлі тері ісігі. Ол (көздің ішкі торлары, ми, шырышты қабыршықтар) секілді меланоциттерден дамиды. Бұл ауру көбінесе (яғни 70%) бастапқыда кішігірім, залалсыз мең сияқты пайда болады.
Бұл ісік әйелдерде де, ерлерде де кездеседі, айта кетерлігі, әйелдерде 1,5-2 есе жиірек ұшырасады. Осы уақытқа дейін науқастардың орташа жас мөлшері 45 жас болатын, кейінгі жылдары қауіпті меланома 15-25 жас аралығындары жас өспірімдерді де мазалап жүр.

Меланома – басқа қатерлі ісіктерденден де қауіпті. Ол бірнеше қабат теріні жай оғындай жарып шығады. Сөл тамырлары және қан жүретін тамырлар арқылы басқа ағзаларға (өкпе, ми , бауыр) таралып, ондағы жұмыс жүйесін бұзады. Әрі ол қай жерге орнықса сол жер оның кеселді орнына айналады (метастаздар). Ағзалардың қызмет ету жүйесінің бұзылуы, әрі олардың ісікпен зақымдануының нәтижесі қайғылы жағдайға алып барады. Сондықтан меланоманы қанша мүмкін болса, сонша тез арада алдын алу қажет. Барлық жеріңізде пайда болған қал-меңдеріңізді тексертіңіз. Егер қандай да бір мең байқалса, алда-жалда тез өсе бастаса, сыртқы формасын тез өзгертсе, түр-түске боялып, асқынып, ауыра бастаса міндетті түрде, тез арада онколог маманға қаралыңыз. Бұл жәй ғана мең емес, нағыз меланоманың өзі болуы мүмкін

Меланоманың емделуі.
І саты. Меланоманы хирургиялық жолмен емдеу үшін оның айналасындағы сау теріні тілгілейді. Бұл амал меланоманың одан сайын тереңдеп, сау терілерге, яғни басқа жерлерді зақымдауының алдын алады. Ал бұрынғыша жақын орналасқан мелонамалардың лимфа түйіндерін алып тастау, меланоманың бірінші сатысындағы науқастардың өміршеңдігін ұзартып жатқан жоқ.
ІІ саты. Бүлінбеген лимфа түйіндерінің күші кете бастағаны байқалса, (ісікке жақын орналасқандарын) олардың біреуіне қажетті биопсияны орындау қажет. Ал содан кейін қалған зақымданған лимфа түйіндердің барлығын жою керек.
Меланоманың осы сатысында қосымша емдеу түрлерін айта кетейік. Мысалы, альфа-интерферон немесе басқа да дәрі-дәрмектермен аурудың қайта оралу ықтималдығын болдырмауға болады.
ІІІ саты. Бұл сатыда бастапқы тілінген ісіктен басқа, оған жақын орналасқан лимфа түйіндердің барлығы жойылады. Бірақ бір қатар жағдайда интерферонмен жасалған иммунотерапияның салдарынан меланоманың қайта пайда болу қауіпі де сейіле қоймайды.
Егер де аурудың бойында бірнеше меланома байқалса, онда оларды түгелдей жою керек. Мүмкін болмағанына қарамастан оған БЦЖ немесе интерферон вакциналарын қабылдауды тағайындау қажет, бұл ісіктің жалма-жан қайта өршіп кетпеуі үшін. Осы санаттағы науқастарды оңтайлы емдеу осы уақытқа дейін әзірленді. Зақымданған жерлерге сәулелік терапия қолданылуы мүмкін, сондай-ақ, химиотерапия немесе иммунотерапия, әрі бұл әдістерді біріктіруге болады.
IV саты. Меланоманың бұл сатысында науқастарды толық емдеу мүмкін емес. Жағымсыздық тудыратын белгілерді, ірі ісік түйіндерін операция көмегі арқылы кетіруге болады. Кейде ішкі органдардан метастазылар жойылады, алайда, бұл олардың орналасуы мен көрсеткен белгілеріне байланысты. Бірқатар науқастарға паллиативтік (уақытша жеңілдету) мақсатында сәулелік және химиотерапия қолданады.

Химиотерапия меланоманың IV сатысындағы науқастарға өте шектеулі түрде ғана көмектеседі. Химиотерапия қатерлі ісіктің өршіп кетуін тек қысқартуы мүмкін, бірақ бұл әсер кейде қысқа мерзімге созылады, әдетте, 3-6 ай.
Иммунотерапия интерферон немесе интерлейкина-2 қолдана отырып, осындай сатыдағы кейбір науқастардың өмірін ұзарта алады. Кейбір дәрігерлер химиотерапияны иммунотерапиямен ұштастыра отырып қолдануды ұсынады.
Болжамдар бойынша өкінішке қарай, меланоманың IV сатысындағы науқастардың кейбіреулері емделгеннен кейін де бірнеше жыл ғана өмір сүруі мүмкін.

Тегтер:
ісік
тері
меңі
метастаздар
химиотерапия
иммунотерапия