Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Емдеу


Жалпы ақпарат

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – жұқпаланған адаммен жыныстық қатынаста жұғатын аурулар.


Себептері

ЖЖБИ қоздырғыштары бактериялар, паразиттер және вирустар. ЖЖБИ 20 асатын түрі бар. Олардың кейбірін атасақ:

  • Хламидиоз
  • Гонорея
  • Жыныстық (гениталдық) герпес
  • АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД)
  • АПВ (адамның паппилома вирусы)
  • Сифилис (мерез)
  • Трихомониаз


Көптеген ЖЖБИ ерлерде де, әйелдерде де болады. Бірақ, денсаулыққа қатысты күрделі мәселелер көбінесе, әйелдерде орын алады. Егер жүкті әйелде ЖЖБИ болса, бұл сәбидің денсаулығында мәселелер әкелуі мүмкін.


Емдеу
Егер ЖЖБИ қоздырғышы бактерия немесе паразит болса, дәрігер антибиотик немесе басқа дәрілік препараттарды тағайындайды. Егер инфекция вирустан болса, ол емдеп, жазуға келмейді. Кейде дәрілік препараттар аурудың барысын бақылауға мүмкіндік береді. Латексті презервативтерді дұрыс қолдану ЖЖБИ жұқтыру немесе таралу қаупін едәуір азайтады, бірақ, толығымен жоймайды.