Мазмұны
Жүрек ұстамасы ( миокард инфаркті ) жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен және қан ағымының төмендеуінен (ишемия) және бұлшық еттің осы бөлігінің беріштенуінен (жойылуы) пайда болады.
Жүрек бұлшық етінің беріштенуі - миокард инфаркты, ал бірінші сағатта ұстамадан болған өлім-жітім – кенеттен жүректен болған немесе коронарлық өлім-жітім аталады.
Жүректің құрылысы: қарыншалар, жүрекшелер, артериялар мен веналар. Артериялар қанды - жүректен, ал веналар – жүрекке жеткізеді. Веналар оттегінің мөлшері төмен және көміртектің қостотығының мөлшері жоғары қанды жеткізеді. Артериялар оттегінің мөлшері жоғары және көмір қышқыл газының мөлшері төмен қанды жеткізеді. Жүректің ішкі жағы клапандардан, камералар мен олармен байланысты тамырлардан тұрады.
Коронарлық (жүрек) артериялары жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етеді. Оң коронарлық артериялар жүректің оң және сол бөліктерін қамтамасыз етеді; сол коронарлық артериялар қанды жүректің сол жағына жеткізеді.
Жүрек ұстамаларының көпшілігі келесіден туындайды
- тромбылармен (қан ұйындысы), олар коронарлық артериялардың бірін тежейді. Коронарлық артериялар – жүрекке қан мен оттегі түсетін жол. Егер қан ағымы бұзылатын болса, жүрекке оттегі жетпейді, ал жүректің жасушалары баяу өлім-жітімге ұшырайды.
- Атеросклероздық түйіндақтардан (майлы-қатты өңез), олар коронарлық артериялардың қабырғаларында жинақталады. Бұл өңез холестериннен және басқа жасушалардан тұрады. Өңездің баяу жиналуы коронарлық артериялардың бірін толығымен тежеуі мүмкін.
Коронарлық артерияларда тамырдың қабықша зақымданған жағында түйіндақтар түзілуі мүмкін.
Коронарлық артерияның тежелуі тіннің зақымдануына және жүрек бұлшық етінің осы бөлігінің жиырылу қабілетінің төмендеуіне апарады.
Жүрек ұстамалары пайда болуы мүмкін:
- Ұйқы кезінде және демалғанда
- Дене жүктемесінен кейін (күрт, салқындаған ауа райында)
- Кенеттен көңіл-күй толғанысында, ауруда
Жүрек ұстамасына көптеген қауіп факторлары апаруы мүмкін:
- Жоғары қан қысымы (артериалдық гипертензия)
- Қандағы майдың жоғары деңгейі, мысалы, холестериннің жоғары деңгейі
- Темекі шегу
- Артық салмақ (семіздік)
- Қант диабеті
- Аз қимылды өмір салты
- Көңіл-күй күйзелісі
- Психо-әлеуметтік факторлар
- Тұқым қуалау бейімділігі
Ауырсыну – жүрек талмасының шешуші симптомы. Ол орташа болуы мүмкін, бұл кезде науқастар қысылу, шаншу сезіміне шағымданады. Көбінесе, олар нақты ауырған жерін қолымен көрсете алады.
Ауырсыну 20 минуттен ұзаққа созылады. Демалу және нитроглицерин аталатын дәрілер жүрек талмасынан ауырсынуды жеңілдете алмайды. Симптомдар өтіп, қайталануы мүмкін.
Ұстаманың басқа симптомдары:
- Үрейлену, алаңдау
- жөтел
- естен тану
- сандырақ, бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу
- жүректің қатты соғуы (жүре тез немесе ұдайы емес соғу сезімі)
- ентігу
- тершеңдік
Кейбір адамдар (егде жастағы, диабетке шалдыққандар, әйелдер) кеудеде ауырсынуды сезбеуі мүмкін. Немесе әдеттегі емес симптомдары болуы мүмкін (ентігу, шаршау және әлсіздік). Симптомсыз өтетін жүрек ұстамасы «үнсіз жүрек ұстамасы» аталады.
Дәрігер стетоскоптың көмегімен науқастың жүрегін тыңдайды. Дәрігер жүректегі шуды, өкпедегі ауытқулы дыбыстарды тыңдауға тырысады. Науқастың тамыр соғуы біркелкі болмауы мүмкін. Науқастың артериалдық қысымы жүрек ұстамасы кезінде қалыпты, төмен немесе жоғары болуы мүмкін.
Жүректің зақымдану дәрежесін анықтау үшін электрокардиограмма жасалады.
ЭКГ арқылы жүрек ұстамасының түрлі фазаларын көруге болады:
’’* аса жіті фазасы жүрек ұстамасынан кейін бірден басталады
- жіті фазасы жүрек ұстамасынан кейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болады
- шешілген фазасы жүрек ұстамасынан кейін бірнеше күн өткенде болады
- тұрақтанған созылмалы фазасы – ұстаманың соңғы фазасы, әдетте, жүректің қалыпты ЭКГ қарағанда қайтымсыз дерттік өзгерістерді көрсетеді.’’
Қандағы тропонин деңгейі науқаста жүрек тіндерінің зақымдануы болуын көрсете алады. Бұл тест нақты жүрек ұстамасы болуын растайды.
Көрсетіміне қарай науқасқа коронарография жүргізілуі мүмкін. Бұл тест кезінде арнайы бояғыш және рентген қолданылады, жүрек арқылы қан ағуын көру үшін. Бұл арқылы сізге болашақта қандай ем-шаралар қажет болатындығын анықтауға болады.
Ауруханада жасалатын басқа тестілер:
- Эхокардиография (жүрек УДТ (УЗИ))
- Дене төзімділігіне тест
Жүрек ұстамасы – шұғыл медициналық жағдай. Егер өзіңізде немесе басқа адамның жүрек ұстамасы жағдайына куә болсаңыз, келесі әрекетті орындаңыз:
- Шұғыл түрде жедел жәрдемді шақырыңыз.
- күтпеңіз. Жүрек ұстамасының алғашқы сағаттарында кенеттен болатын өлім қаупі жоғары.
- Өздігіңізше немесе өз көлігіңізде ауруханаға жетуге тырыспаңыз.
- Дәрігер келгенге дейін алғашқы жәрдемді жасау қажет — науқасты жатқызып, терезені ашып, жағасының түймесін ағытып, белдігін шешу қажет.
- Жатқан кезде тіл астына нитроглицерин салу қажет — жарты сағат ішінде бес таблеткадан аспайтындай.
Шұғыл жәрдем бөлімінде науқасқа келесі шаралар жасалады:
- Жүрек ырғағын қадағалайтын аппаратқа жалғанады, дәрігерлер жүрек жағдайын бақылауы үшін.
- Оттегіні береді, жүрек жұмысын жеңілдету үшін.
- Физерітіндідегі препараттары бар тамызғыны қояды.
- Кеудедегі ауырсынуды басу үшін нитроглицерин және морфин егіледі.
- Ацетилсалицил қышқылы тағайындалады. Қарсы көрсетімдері болса, тромбы түзілуінің алдын алатын басқа препарат тағайындалады.
Ұстамадан кейін 3 сағат ішінде тромболитикалық емдеу қолданылады. Бұл – тамыр ағынының ішінде тромбыны еріту есебінен қан ағынын қалпына келтіруге бағытталған емдеу.
Шұғыл жәрдем ету үшін дәрігерлер ангиопластиканы және стенттеуді жасауы мүмкін.
Ангиопластика — ұшында кеңейтілетін баллоны бар, жіңішке катетерді қолданумен зақымданған артерияны ашу шарасы. Ангиопластика – жүрек ұстамасының салдарын емдеудің тиімді әдісі. Бұл операцияны ауруханаға келгеннен кейін 90 минут ішінде жасау қажет. Жүрек ұстамасынан кейін 12 сағаттан артық уақыт өтпеуі қажет.
Кейде ангиопластика стенттеумен толықтырылады. Стенттеу – артерияға металл стент қою, артерияның саңылауы арқылы жеткілікті қан ағынын қамтамасыз ету үшін, әдетте, стент артерияға қойылады және оның қайта тежелуінің алдын алу үшін қалдырылады.
Жүрек ұстамасынан кейін
Жүрек ұстамасынан кейін бірнеше күн өткенде науқастың жағдайы тұрақтанса, ауруханадан шығаруы мүмкін.
Жүрек ұстамасы болған адамға дәрілерді өмір бойы қабылдау қажет болады. Қабылдайтын дәрілерді тоқтату немесе мөлшерін азайту үшін дәрігермен кеңесу қажет.
Жүрек ұстамасынан кейін науқас әлсіздікті сезініп, көп нәрсеге мазасыздануда болады. Бұл сезімнің бәрі қалыпты. Олар 2-3 аптадан кейін өтеді. Сондай-ақ, науқас ауруханадан шыққан кезде шаршауды сезінеді.
Дәрігерлер науқасқа келесідей ақпарат береді:
- Дәріні қалай қабылдау туралы
- Жүрекке дұрыс емдәмді қалай қадағалау қажет
- Қандай дене жаттығуларын орындау қажет
- Жүрек ауруында не істеу қажет
- Темекі шегуді қалай қою жөнінде
Жүрек ұстамасынан кейін қайталану ықтималдығы артады. Болжамы көбінесе, жүрек бұлшық етінің, қақпақшаларының зақымданған жеріне және көлеміне байланысты.
Әдетте, жүрек ұстамасы болған адам біртіндеп қалыпты тіршілігіне оралады, оның ішінде, жыныстық белсенділікке де.
Егер зақымдану көлемі үлкен болса, жүрек жеткіліксіздігі және жүрек ырғағының бұзылысы дамуы мүмкін, олар өмірге қауіпті.
Егер өзіңізде немесе жақындарыңызда жоғарыда аталған симптомдарды байқасаңыз, шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру қажет.
Алдын алу
Бұл аурудың алдын алу алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы түрі миокард инфарктінің пайда болуына жол бермеуге, екіншісі – ұстаманың қайталанбауына бағытталады.
Алдын алу жүрек-қантамыр ауруларынан зардап шегетін науқастармен қатар сау адамдарға да қажет, алдын алу жүрек ұстамасының пайда болу қаупін арттыратын факторларды жоюға негізделеді:
- Дене салмағын бақылау.
- Ұдайы дене жүктемелері
- Зиянды әдеттерден арылу
- Қандағы холестерин деңгейін бақылау
- Артериалдық қысымды бақылау.
- Қандағы қант деңгейін бақылау
- Емдәм
- Ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды қабылдау.