Мазмұны
Үштармақты нервтің невралгиясы – жүйке жүйесінің ауруы, бұл кезде беттің кейбір бөлігінде қарқынды, электр тоғының соққысы секілді қатты бататын ауру пайда болады.
Орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан тұрады. Шеткері жүйке жүйесіне барлық шеткері нервтер кіреді.
Үштармақты нервтің невралгиясында ауырсыну үштармақты нервтен таралады. Бұл нерв ауырсыну және түйсіну сезімдерін беттен, көзден, мұрын қуыстарынан және ауыздан миға жеткізеді.
Әдетте, ауру ересектерде болады, бірақ, кез келген жаста кездесуі мүмкін. Үштармақты нервтің невралгиясы қалыпты қартаю үрдісінің бөлігі болуы мүмкін.
Үштармақты нервтің невралгиясы туындау себептері:
· Шашыраңқы склероз
· Үштармақты нервті кеңейген қантамырының немесе ісіктің басуы.
Кейде себебі белгісіз болып қалады. Дәрігерлер көбінесе, 40 жастан кіші адамдарда себебін анықтайды.
· Аса қарқынды, электр тоғының соққысы секілді қатты бататын ауру, ол әдетте, бірнеше секундқа немесе минутқа созылады, бірақ, ұдайы болуы да мүмкін.
· Ауырсыну әдетте, беттің бір жағында пайда болады, көбінесе, көздің маңайында, жақта және беттің төменгі жартысында.
· Ауырсыну себебі жанасудан немесе түрлі дыбыстардан туындайды.
Үштармақты нервтің невралгиясының ауырсынатын ұстамалары күнделікті қарапайым тіршілік әрекеттерінен туындауы мүмкін:
· Тіс тазалаудан
· Шайнаудан
· ішуден
· тамақтанудан
· бетке жеңіл жанасудан
· қырынудан.
Миды және жүйке жүйесін қарап, тексеру (неврологиялық қарау) әдетте бұзылыстарды анықтамайды.
Аурудың себебін анықтауға арналған тексерулер:
· қан талдауы
· мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)
· үштармақты нервтің рефлекстерін тексеру
Емдеу үрдісіне алғашқы жәрдем дәрігері, невропатолог немесе ауырсыну бойынша маман қатысады.
Кейбір дәрілік препараттар ауырсынуды азайтып, ұстамалардың жиілігін азайтуға көмектеседі.
· Қайта ұстаудың селективті тежеуіші (карбамазепин, габапентин, ламотриджин, фенитоин, вальпроат және прегабалин)
· Миорелаксанттар (баклофен, клоназепам)
· Үшциклді антидепрессанттар (амитриптилин, нортриптилин немесе карбамазепин)
Нервтің қысылуын жою үшін кейбір науқастарға операция жасау қажет болуы мүмкін. Хирургиялық емдеу әдістеріне жататындар:
· Үштармақты нервтің бөлігін кесу немесе бұзу
· Радиожиілікті абляцияны немесе глицерин инъекциясын қолданумен тері арқылы енгізілетін иненің немесе датчиктің көмегімен үштармақты нервті бұзу
· Электростимуляция
· Тері арқылы баллондық микрокомпрессия
· Ісікті алып тастау (себебі ісік болса)
· Стереотаксикалық радиохирургия (гамма-пышақ)
· Үштармақты нервке қысым көрсететін қантамырын жылжыту бойынша операция (микротамырлық декомпрессия).
Өзіңізді сезіну жағдайыңыз ауруды туындатқан себепке байланысты. Егер аурудың себебі анықталмаса, емдеу емдеу біршама жеңілдетеді. Дегенмен, кейбір науқастарда ауырсыну ушығуы мүмкін және ұдайыға айналуы мүмкін.
Үштармақты нервтің невралгиясы.