Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Плевраның эмпиемасы - өкпе мен кеуде қабырғасының ішкі беті арасында орналасқан плевра қуысында іріңнің жиналуы.

41

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады, өлшемі үлкенірек.

Эмпиема – табиғи анатомиялық қуыстардағы іріңнің жиналуы, экссудативті плевриттің бір түрі, плевраның ішкі және шеткі жапырақтарының арасында ірің сұйықтығының жинақталуымен өтеді.


Себептері

Эмпиема әдетте өкпеден таралатын инфекциядан туындайды. Бұл плевра қуысында іріңнің жиналуына апарады.

Экссудат (жұқпаланған сұйықтық) бір литрден артық жиналып, өкпеге қысым түсіреді.

Қауіп факторлары:

• Бактериалдық пневмония

• кеуде қуысындағы операциялар

• өкпенің абсцесі

• кеудені жарақаты немесе зақымдануы

Сирек жағдайларда эмпиема диагностика және емдеуде (торакоцентез) плевра қуысынан сұйықтықты сорып алу үшін кеудені инемен тескенде пайда болуы мүмкін.


Симптомдары

• кеудедегі ауырсыну, терең тыныс алғанда нашарлайды (плеврит)

• құрғақ жөтел

• тершеңдік, әсіресе, түнде

• қызба, қалтырау

• жалпы жайсыздық және әлсіздік

• ентігу

• дегне салмағының азаюы


Диагностика

Кеудені стетоскоппен тыңдағанда дәрігер тыныс алудың сиреуін немесе ерекше шуылды (үйкеліс шуылы) байқауы мүмкін.

Диагностикаға кіреді

• кеуденің рентгені

• кеуденің компьютерлік томографиясы

• плевра сұйықтығын талдау

• Торакоцентез


Емдеу

Емдеудің мақсаты – инфекциялық үрдісті жою. Емдеу плевра қуысында жиналған іріңді жоюға бағытталады. Инфекцияны басу үшін антибактериалдық препараттар тағайындалады.

Іріңді толығымен алу үшін дәрігер кеуде қуысына түтік орнатады. Өкпе жайылып, жазылмаса, хирург өкпенің сыртқы қабығын бөлу үшін декортикация аталатын операция жасайды.


Аурудың болжамы

Өкпені зақымдау және өлім-жітім қаупі артады, егер плевраның эмпиемасы өкпе пневмониясының асқынуы болса. Науқастарға антибактериалдық препараттар мен дренаж қолданумен ұзақ емделу қажет болады. Көптеген адамдар плевра эмпиемасынан толықтай жазылады.


Мүмкін асқынулары

• плевраның қалыңдауы

• өкпе қызметінің төмендеуі


Қашан дәрігерге көріну қажет

Эмпиеманың белгілері болса, дәрігерге көріну қажет.


Алдын алу

Өкпенің инфекцияларын емдеуде тез және тиімді жәрдем көрсету эмпиеманың кейбір жағдайларының алдын алады.


Синонимдары

Эмпиемалар; Пиоторакс; Плеврит – іріңді.