Мазмұны
Лимфаденит – лимфалық түйіндердің инфекциясы (лимфа бездерінің). Ол кейбір бактериалдық инфекциялардың жиі асқынуы.
Лимфа жүйесі – лимфа түйіндерінің, лимфа аталатын сұйықтықты өндіретін және тіндерден қанға тасымалдайтын, түтіктердің, тамырлар мен ағзалардың жүйесі.
Лимфа бездері немесе түйіндері лимфаны сүзетін шағын құрылымдар. Лимфа түйіндерінде инфекциямен күресетін лейкоциттердің үлкен мөлшері болады.
Лимфаденит - лимфа түйіндерінің бактерияларға, вирустарға және зеңдерге жауапты серпініндегі ұлғаюымен көрініс береді (қабыну ісінуі). Әдетте, қабыну тұсына жақын лимфа түйіндері ұлғаяды.
Лимфаденит тері инфекциясынан немесе стрептококк, стафилококк секілді бактериялардан туындайтын инфекциялардың басқа түрлерінен кейін пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайда лимфадениттің себебі - туберкулез немесе мысық тырнауы ауруы (бартонелла) секілді сирек инфекциялар болуы мүмкін.
• Лимфа түйіндерінің үстіндегі терінің қызаруы және ауырсынуы
• Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауырсынуы, ширығуы және қатаюы.
Лимфа түйіндері қабынғанда немесе абсцесс қалыптасқанда жұмсақ болуы мүмкін.
Дәрігер лимфа түйіндерін тексеріп, лимфадениттің себебін анықтайды (ұлғайған лимфа түйіндерінің қасында жара немесе инфекция болуын).
Лимфа түйінінің ішіндегісін бактерияға себу және биопсия қабынудың себебін анықтайды. Қанды себу арқылы тексеру инфекцияның қан ағымына таралуын анықтауы мүмкін.
Лимфаденит бірнеше сағат ішінде дамуы мүмкін. Емдеуді шұғыл түрде бастау қажет.
Емдеуге кіреді:
• Антибиотиктер, инфекциямен күрес үшін
• Анальгетиктер (ауырсынуды басатын), ауырсынуды азайту үшін
• қабынуға қарсы препараттар, қабынудың белгілерін азайту үшін
• суық компрестер, қабыну мен азайтуды азайту үшін.
Абсцесс болғанда оған хиургиялық араласу қажет болуы мүмкін.
Уақытылы антибиотикпен емдеу әдетте, толық сауығуға апарады. Ісіну бірнеше аптада немесе айда өтеді.
• абсцестің қалыптасуы
• Целлюлит (тері инфекциясы)
• жарықтар (туберкулезден болатын лимфаденитте)
• Сепсис (қанның зарарлануы)
Лимфадениттің симптомдарында дәрігерге көрініңіз.
Салауатты өмір салты, гигиенаны сақтау – кез келген инфекцияның алдын алудың негізі.
Лимфа түйіндерінің инфекциясы; лимфа бездерінің инфекциясы; шоғырланған лимфаденопатия.