Қуық асты безінің аденомасы немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы- қатерсіз ісік, қуық асты безінің безді эпителийінен немесе стромалық құрамбөлігінен дамиды.

Пайда болу себебі

Қуық асты безінің аденомасының нақты себебі белгісіз. Пайда болуының аса ықтимал себебі – қартаю. Сондай-ақ, безді эпителийінің өсуіне аталық бездің гипербелсенділігі ықпал етеді. Жас кезінде аталық без алынып тасталған (мысалы, қатерлі ісіктен) ерлер қуық асты безінің аденомасына шалдықпайтындығы белгілі. Сонымен қатар, қуық асты безінің аденомасына шалдыққаннан кейін аталық без алынып тасталса, қуық асты безінің өлшемі азая бастайды.

Қуық асты безінің гиперплазиясы туралы жайттар:

Ауруға шалдығу мүмкіндігі жасқа сай артады.

Қуық асты безінің аденомасы – кең таралған ауру, ұзақ өмір сүрген кез келген ер адам ертелі-кеш бұл ауруға шалдығады деген пікір бар.

40 жастан асқан ер адамдардың көпшілігінде және 80 жастан асқан ер адамдардың 90 пайызынан астамында қуық асты безінің аздаған ұлғаюы байқалады.

Аурудың пайда болуының қауіп факторлары анықталмаған, аталық бездің қалыпты қызметінен басқа.

Apzhkz1

Apzhkz2

Симптомдары

қуық асты безінің аденомасына шалдыққан ерлердің жартысына жуығы аурудың симптомдарын сезінеді, оған кіретіндер:

· Несеп шығару соңындағы несептің тамшылап бөлінуі

· Несеп шығара алмау

· Несеп шығару кезінде қуықтың толық босамауы

· Несеп ұстамау

· Түн ішінде бірнеше рет дәретханаға бару қажеттігі

· Несеп шығарудағы ауырсыну, қанмен несеп (инфекцияны көрсетуі мүмкін)

· Несеп шығару ағынының баяу басталуы немесе кідіруі

· Несеп шығарудың қиындауы

· Кенеттен және күшті несеп шығарғысы келу сезімі

· Несептің әлсіз ағыны.

Диагностика

Аурудың сырқатнамасын мұқият зерттегеннен кейін дәрігер тік ішек арқылы саусақпен зерттеуді жүргізеді, қуық асты безінің жағдайын, өлшемін бағалау үшін. Сондай-ақ, келесі тестілер жүргізілуі мүмкін:

· Несеп ағынының жылдамдығын өлшеу

· Несеп шығарудан кейін несептің қалдық мөлшеріне тест

· Қуықтағы қысымды өлшеу

· Мүмкін жұқпаларға несепті талдау

· қуық асты безінің спецификалық антигеніне (PSA) талдау, қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтау үшін

· Цистоскопия

Сондай-ақ, дәрігер науқасқа анкета толтыруды өтінеді, анкетада симптомдардың ауырлығын және өмірге әсерін бағлау қажет болады. мұндай тестіде алынған ұпайлар саны алдыңғы нәтижелемен салыстырылады, науқастың жағдайы ушығуын анықтау үшін.

Емдеу

Емдеу тәсілі симптомдардың ауырлығына және олардың адам өміріне әсеріне, қандай да бір басқа аурудың болуына байланысты. Емдеу нұсқаларына «күту тактикасы», өмір салтын өзгерту, медициналық препараттарды тағайындау немесе хирургиялық араласу кіреді.

Егер ер адам 60 жастан асқан болса, симптомдардың болуының ықтималдығы жоғары. Бірақ, қуық асты безі ұлғайған көптеген ерлерде аздаған симптомдар ғана байқалады, көбінесе, өздігінше күтім жасаумен шектеледі.

Бірақ, егер науқаста қуық асты безінің аденомасы болса, оған жыл сайын диагностикадан өтіп, симптомдардың әрі қарай ушығуын бақылау және қажет болса, емдеуге қажетті өзгерістер енгізу қажет.

Өздігінше күтім жасау

Жеңіл симптомдар кезінде:

· Алғашқы сезіммен қуықты босату қажет. Дәретханаға жиі бару қажет, күшті сезім болмаса да.

· Алкоголь немесе кофеинді тұтынудан алшақ болу (әсіресе, кешкі астан кейін).

· Бір ішкенде сұйықтықты көп ішпеу. Сұйықтық қабылдауды күн барысында бөліп ішу. Ұйқыға дейін 2 сағат бұрын сұйықтық ішуді тоқтату.

· суық тию және синусит кезінде ісінуге қарсы құралдарды немесе антигистаминдік препараттарды қабылдамауға тырысу. Мұндай дәрілер қуық асты безінің аденомасының симптомдарын күшейтуі мүмкін.

· Жылы жерде болуға, белсенді өмір салтын ұстануға тырысу қажет. Суық ауа райы мен дене жүктемелерінің болмауы симптомдарды ушықтыруы мүмкін.

· Кегель жаттығуларын орындау (жамбас бұлшық еттерін нығайту үшін жаттығулар).

· Күйзелісті азайту, себебі, күйгелектік пен ширығу несеп шығарудың жиі қажеттілігіне апаруы мүмкін.

Source: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000381.htm