Әлеуметтік қолдау және денсаулық
Кез-келген жаста адамның әлеуметтік ортасы мен денсаулығы арасында байланыс болады. Әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қолдау денсаулыққа жағымды әсер етеді және жасқа байланысты ауру қаупін төмендетеді.
Қолдау көрсететін, ақыл айтатын, жаны ашитын немесе қиналғанда қолұшын бере алатын жақындары және достары көп адамдардың жүрек ұстамалары секілді қиыншылықтарды жеңілірек көтеретіндігін, оларда әр түрлі ауру-сырқаудың сирек болатындығын ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған қоса, көпшіл және әлеуметтік тұрғыда өзгелерге қажетті
адамдармен салыстырғанда жалғызбасты адамдардың дүниеден өтуі 20-50 пайызға жирек. Бұны да ғалымдар анықтаған.
Адами жақындықтың денсаулықты ныгайтушы күші
Бір ғылыми зерттеуде ғалымдар 9 жыл бойы мыңдаған адамның денсаулығын бақылаған болатын. Отбасымен және достарымен тығыз эмоциялық қарым-қатынаста болған адамдардың арасында өлім-жітімнің аз болатындығы анықталды. Отбасымен және әлеуметтік ортамен тығыз қарым-қатынаста болған әйелдерде обыр сирек кездескен. Тіпті мұндай қатерлі дерт анықталғанның өзінде әлеуметтік қолдау адам өмірін біршама ұзартқан.
Тағы бір зерттеуде АҚШ Дьюк университетінің ғалымдары жақындары мен достары көп адамдармен салыстырғанда жалғызбасты адамдардың арасында жүрек аурулары салдарынан болған өлім-жітім үш есе көп екендігін көрсетті. Ғалымдар шүйіркелесіп, сыр шертуге жарайтын адамның болуы өте күшті сауықтырушы «дәрі» деген
қорытындыға келді.
Қарым-қатынастың басқадай артықшылықтары
Ғылыми зерттеулер белсенді қарым-қатынастың күнделікті стрестердің кері әсерін айтарлықтай төмендететіндігін көрсетті. Мидың жады мен ой қызметіне жауап беретін белгілі бір бөліктерін басып тастайтын кейбір гормондардың деңгейін стресс жоғарылатып жіберетіні белгілі.
Белсенді қарым-қатынас жасайтын адам өзін біршама жоғары ұстайды, демек өз-өзін жақсы күтеді, сол арқылы ауыру қаупін азайтады және жады мен ой ширақтығын сақтайды.
Әлеуметтік қолдау дегеннің астары неде?
Әлеуметтік қолдаудың мағынасы әр түрлі. Оған ақпараттың қолжетімділігі, сенім, мейірім, махаббат, өз-өзін бағалау, қарым-қатынас ортасы және өзара міндеттер жатады. Жалпы алғанда, әлеуметтік қолдаудың ұзақ сапалы ғұмыр үшін маңызы бар үш түрін атап өткен дұрыс.
Сезім арқылы қолдау жақсы көруін, жақындығын және сыйластығын сөзбен немесе сөзсіз де білдіру түрінде көрініс табады. Сезім арқылы қолдаудың арқасында қариялар өмірдегі мақсаттарын, өздерінің маңыздылығын, сондай-ақ жақындарына және қоршаған адамдарға өздерінің қажет екендігін сезінеді.
Интеллект тұрғысынан қолдау ақпараттың, кеңестердің және бағалаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге саяды.
Қол ұшын беру қолдауы ақша, көлікпен көмектесу т.б. материалдық және тікелей қолқабыс көрсету арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынас және әлеуметтік қолдау денгейі қандай дәрежеде деген сұраққа жауап беру үшін өз-өзіңізге төмендегі сұрақтарды қоюыңызға болады:
• Бір апта ішінде кездесетін адамдарыңыздың саны қанша?
• Солардың ішінде мүдделестерініздің саны қанша?
• Үйіңізге кез-келген уақытта келе алатын және үйіңіздің шашылып жатқанынан қысылмай қарсы алатын достарыңыз
немесе туыстарыңыздың саны қанша?
Маңайыңыздағы адамдардың өзіңізге қаншалықты жақын екендігін мына белгілер бойынша анықтауға болады:
• Жақын адам — өзіңіз сенім артатын адам
• Жақын адам — өзіңізге жақындығын сезінетін адам
• Жақын адам — сенуге болатын адам
• Жақын адам — өз сезіміңізді бөлісетін адам
Бұган қоса, әлеуметтік қолдау көрсететіндердің шамасын мыналар арқылы анықтауға болады:
• Егер ақша қажет болып қалса, қарыз бере алатын достарыңыз немесе жақындарыңыздың бар-жоғы;
• Егер ауыра қалсаңыз, сауығып кеткенше балаларыңызға қарай алатын достарыңыз немесе жақындарыңыздың бар-жоғы.
Осы сұрақтарға оң жауап беру инфаркт, инсульт және обырдың кейбір түрлерінің қаупі төмен дегенді білдіреді. Мұны соңғы жылдары алынған ғылыми мәліметтер анық көрсетіп берді.
Әлеуметтік қолдау орталары
Әлеуметтік қолдау деңгейін сіздің ішкі «жақын ортаңызды» құрайтын адамдар анықтайды. Ғалымдар дербес ішкі қолдау денгейін анықтайтын жүйе ойлап тапты. Бұл үшін кіндігі ортақ бірнеше шеңбер сызу керек. Ең ортадағы шеңберге мына суретте көрсетілгендей «Сіз» деген сөз жазылады.
Сіздің әлеуметтік ортаңыздың қандай екендігін анықтау үшін күнделікті өмірінізде маңызды рөл атқаратын адамдар туралы ойлау керек. Кіндігі бір үш шеңбер — үш орта, олардың маңыздылық дәрежесін көрсетеді. Ішкі, ақын ортаға оларсыз өз өміріңізді елестете алмайтын адамдар жатады. Ал сыртқары орналасқан екі ортаға сіздің жеке өміріңізде
жақын ортадан гөрі азырақ дәрежеде белгілір рөл атқаратын адамдар кіреді.
Ғалымдар адамдардың көпшілігінде «жақын ортаның» 8-11 мүшесі болатынын көретті. Және де өмірдің әр кезеңінде бұл сан түрақты болып қала береді: біреуді жоғалтқанымен,оның орнын басқа адам толтырады.
Жоғарыда сипатталған циркулярлык диаграмма сіздің «жақын ортаңыздың» қаншалықты етене және сенімді екендігін аныңтауға мүмкіндік береді, денсаулық пен сапалы ұзақ ғұмыр көп жағдайда осыған айланысты.
Қорыта келе айтарымыз, денсаулық пен сапалы ұзақ ғұмыр әлеуеттік ортаның сенімділігі мен етене жақындығына біршама дәрежеде тәуелді. Мұны растайтын дәлелдер жетерлік. Әрине, салауатты өмір сүру — дене белсенділігін сақтау, дұрыс тамақтану маңызды, алайда етене жақын, мейірбан қарым-қатынастың да маңыздылығын естен шығармаған жөн.