Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Созылмалы холецистит – ұзақ уақыт бойы сақталатын өт қабының ісінуі және тітіркенуі.

A 24 1

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

KZP2

Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

KZP3

Өт қабы бауырдың астында орналасқан шағын қапшық тәрізді ағза. Ол бауырда өндірілетін өтке толады. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.


Себептері

Созылмалы холецистит, әдетте, жіті (кенеттен) холециститтің ұдайы ұстамаларының салдарынан пайда болады. Бұл ұстамалардың көпшілігі өт қабындағы тастарға байланысты.

Бұл ұстамалар өт қабы қабырғасының қалыңдауын туындатады. Өт қабы жиырыла бастайды. Уақыт өте келе өт қабының өтті шоғырландыру, сақтау және бөлу қабілеті төмендейді.

Ауру ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, әсіресе, 40 жастан асқандарда.


Симптомдары

Жіті холециститтің симптомдарымен мына жерден танысуға болады: қараңыз: жіті холецистит.

Жіті холецистит – сырқаттық жағдай, ол созылмалы холециститке апарады. Созылмалы холециститтің қосымша симптомдары белгісіз.


Диагностика

Дәрігер келесі қан талдауын тағайындайды:

  • Амилаза және липаза – ұйқыбезі ауруларын анықтау үшін
  • Қанның жалпы талдауы (ОАК)
  • Бауырдың функционалдық сынамалары – бауырдың қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін білу үшін.


Өт қабындағы тастың немесе қабынудың болуын анықтайтын тексерулер:

  • Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (КТ)
  • Іш қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
  • Өт қабының сцинтиграфиясы
  • Ауыздан жасалатын холецистография



Емдеу

Көбінесе, ауру хирургиялық жолмен емделеді. Өт қабын алып тастайтын операция холецистэктомия аталады.

Көбінесе, лапароскопиялық холецистэктомия қолданылады. Бұл операция кезінде хирург кішкене тіліктерді жасайды, бұл кейіннен тез қалыпқа келуге ықпал етеді. Науқастарды операция жасалған күні немесе ертеңіне үйге жібереді.
Ашық холецистэктомия іштің жоғарғы оң бөлігінде үлкен тілікті жасауды қажет етеді.
Сырқаты ауыр және басқа аурулар салдарынан операцияны көтере алмайтын науқастарда өт тастары дәрілік препараттармен ерітіледі. Алайда, бұл 2 жылға дейін созылуы мүмкін, ал тастар қайта түзілуі мүмкін.


Болжамы

Холецистэктомия – қаупі аз, кең таралған шара.


Мүмкін асқынулары

  • Несепқаптың қатерлі ісігі (сирек)
  • Сары ауру
  • Панкреатит
  • Жағдайдың нашарлауы



Қашан дәрігерге көріну қажет

Холециститтің симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз.


Алдын алу

Аурудың алдын алу әрдайым мүмкін бола бермейді. Майлы тамақ тұтынуды шектеу жіті холециститке шалдыққан және өт қабы алынбаған адамдарда симптомдарды жеңілдетеді. Дегенмен, майлардың мөлшері төмен емдәмнің пайдасы дәлелденбеген.