Мазмұны
Дисморфофобия – созылмалы психикалық ауру, бұл кезде науқас өзінің сыртқы пішіні туралы көп ойлайды, ал олқылықтары маңызды емес немесе ойдан шығарылған болады, соған қарамастан науқасқа пішіні ұсқынсыз көрінеді, біреулердің өзін байқағанын қаламайды.
Науқаста дисморфофобия болса, ол өзінің сыртқы пішіні мен дене сымбатының бейнесіне шамадан тыс, күніне көп сағаттан көңіл қойып, осы туралы мазаланады. Болжамды олқылығы науқасқа қайғыру әкеледі, осы мезі қылатын ойы күнделікті өміріне әсер етеді. Науқас көптеген косметикалық шаралаға жүгінеді немесе шамадан тыс жаттығады, болжамды олқылығын «түзетуге» тырысады, бірақ, ешқашан нәтижесімен қанағаттанбайды. Дене дисморфофобиясы кемтар болып көріну үрейі секілді де белгілі.
Дисморфофобияны емдеуге когнитивтік-мінез-құлықтық емдеу кіруі мүмкін.
Дисморфофобияның белгілері мен симптомдарына келесілер кіреді:
• науқас өзінің сыртқы пішіні үшін ыңғайсыздық сезімінде болады
• айнаға қарап, өзін жиі зерттеу немесе керісінше, айнаға қарамау
• өзінің сыртқы пішінінде ауытқу, ақау болуына сенімділік
• науқас өзінің сыртқы пішіні туралы басқалар әдейі теріс пікір айтады деп сенеді
• қоғамнан оқшаулану
• үйден шықпау
• науқас өзінің сыртқы пішіні туралы басқалардан жұбату іздейді
• жиі косметикалық шаралар қанағаттандырмайды
• теріні тазалау немесе түгін жұлу немесе олқылықты жою үшін шамадан тыс сәтсіз күш салу секілді шамадан тыс күтім жасау
• болжамды олқылықты жою үшін тым көп косметика қолдану, киіну немесе сақал өсіру
• өзінің сыртқы пішінін біреумен салыстыру
• көпшілік алдында сөйлеуден қашу
Науқас денесінің бір бөлігіне көп көңіл бөледі, әсіресе, бір ерекше бөліктерін ұзақ уақыт бойы қарастырып, назарына алады.
Адамдар өзінің назарын бөледі:
• бетіне (мұрны, бетінің өңі, әжімдері, безеу немесе басқа дақтар)
• шашына (пайда болуы, жұқаруы немесе таздануы)
• теріге немесе көктамырының сыртқа білінуіне
• емшегінің өлшеміне
• бұлшық етінің өлшеміне және ширақтығына
• жыныстық мүшелеріне.
Науқастың сыртқы пішініне қатысты ұялу және ыңғайсыздық дисморфофобияны емдеуге кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ, дисморфофобияның белгілері немесе симптомдары байқалса, дәрігерге, психотерапевтке немесе басқа медицина қызметкеріне хабарлаңыз.
Дисморфофобия әдетте, өздігінше емделмейді, белгілі бір уақыт өтуінде ушығуы мүмкін, және мінез-құлықтың өзгерісіне, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін апаруы мүмкін.
Дисморфофобияның себептері белгісіз. Көптеген психикалық аурулар секілді дисморфофобия келесі жайттардың салдары болуы мүмкін:
• Мидың бұзылыстары. Ми құрылымындағы немесе жүйке жүйесі биохимиясының ауытқулары дисморфофобияның пайда болуында маңызды роль атқаруы мүмкін.
• Тұқым қуалау. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, дисморфофобия тұқым қуалауы бойынша берілуі мүмкін.
• Қоршаған орта. Қоршаған орта, өмірлік оқиғалар және мәдениет дисморфофобияға ықпал етуі мүмкін, әсіресе, олар сыртқы пішінге байланысты теріс оқиғалар әкелетін болса.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.mayoclinic.com/print/body-dysmorphic-disorder/DS00559/DSECTION=all&METHOD=print
Аудармашы: Екатерина Шумарева, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.