Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Қолдау топтары

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Бүйректің созылмалы ауруы – бүйректің зақымдануымен және қызметінің біртіндеп бұзылысымен сипатталатын ауру. Бүйректің негізгі қызметі – организмнен залмасу өнімдерін және артық суды сыртқа шығару.

Hbp

Бүйрек организмнен алмасу өнімдерін шығаруға, электролиттік үйлесімді және артериалдық қысымды реттеуге, сондай-ақ, эритропоэзді(эритроциттерді түзу) ынталандыруға жауап береді.


Себептері

Бүйректің созылмалы ауруы (БСА) - баяу ушығатын ауру. Белгілі бір кезең ішінде ауру симптомсыз өтеді. Кейде қызметінің бұзылуы баяу дамығанда симптомдары бүйректің жұмысы тоқтағанға дейін болмауы мүмкін.

Бүйректің созылмалы ауруының қорытынды кезеңі - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы. Бұл кезде бүйректер заттек алмасуын және артық сұйықтықты организмнен сыртқа шығара алмайды. Гемодиализ немесе бүйрек алмастыру қажет болады.

Көбінесе, бүйректің созылмалы ауруының даму себебі – қант диабеті және жоғары артериалдық қысым.

Бүйректің зақымдалуына апаруға қабілетті басқа да аурулар:

  • Аутоиммундық аурулар (мысалы, жүйелік қызылжегі және склеродермия)
  • Бүйректің туа біткен ақаулары (мысалы, бүйректің поликистозы)
  • Кейбір химиялық заттектердің әсері
  • Бүйректің жарақаты
  • Бүйректегі тастар және инфекциялар
  • Бүйрек тамырларындағы мәселелер
  • Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау (анальгетиктер және қатерлі ісіктерді емдейтін препараттар)
  • Бүйрекке несептің кері ағуы (рефлюкс-нефропатия)
  • Бүйректің басқа аурулары.


Бүйректің созылмалы ауруы организмде сұйықтықтың және алмасу өнімдерінің жиналуына апарады. Бұл организмнің көптеген жүйелерінің бұзылысын туындатады, оның ішінде:

  • Артериалдық қысымның артуы
  • Қан жасушаларының санының азаюы
  • Д дәрумені алмасуының бұзылысы және сүйек саулығының нашарлауы.



Симптомдары

Бүйректің созылмалы ауруының ерте симптомдары басқа көптеген аурулардың симптомдарына ұқсас. Олар аурудың ерте сатысындағы жалғыз белгісі болуы мүмкін.

Оларға жататындар:

  • Тәбетті жоғалту
  • Жалпы әлсіздік
  • Бас ауыруы
  • Жүрек айнуы
  • Жоспарланбаған салмақ жоғалту


Аурудың ушығуында пайда болатын симптомдары:

  • Ауытқулы қошқыл немесе ақшыл тері
  • Сүйектегі ауырсыну
  • Ұйқы басуы немесе назар қоюдағы мәселелер
  • Қол-аяқтың ұйып, ісінуі
  • Бұлшық еттің тартылуы және құрысу
  • Ауыздан жағымсыз иіс шығуы
  • Көгеру пайда болуы, нәжісте қан болуы
  • Шамадан артық шөлдеу
  • Ықылық тиюдің жиі ұстамалары
  • Жыныстық қызметтің бұзылысы
  • Етеккірдің болмауы (аменорея)
  • Ентігу
  • Ұйқыдағы мәселелер
  • Құсу, көбінесе, таңертең.



Диагностика

Көптеген науқастрда бүйректің созылмалы ауруының барлық сатысында жоғары артериалдық қысым байқалады. Медициналық қарау кезінде дәрігер жүректің және өкпенің ауытқулы шуылын анықтауы мүмкін. Неврологиялық қарауда нервтердің зақымдалуы анықталуы мүмкін.

Несептің талдауында протеинурия (несептегі ақуыз) және басқа өзгерістер байқалуы мүмкін. Осы өзгерістер пайда болғаннан аурудың симптомдарына дейін 6 айдан 10 жылға дейін және одан асатын уақыт өтуі мүмкін.

Бүйректің қызметтік қабілетін бағалау үшін келесі зерттеулер тағайындалады:

  • Креатинин клиренсі
  • Креатинин деңгейі
  • Қандағы несепнәр азотын анықтау (АМК)


Бүйректің созылмалы ауруы көптеген зерттеулердің нәтижесіне әсер етеді. Бүйректің созылмалы ауруы ушығуында әр 2-3 ай сайын келесі көрсеткіштерді анықтау қажет:

  • Альбумин
  • Кальций
  • Қандағы холестерин деңгейі
  • Қанның жалпы талдауы (ОАК)
  • Қандағы электролиттер деңгейін анықтау
  • Магний
  • Фосфор
  • Калий
  • Натрий


Бүйректің созылмалы ауруының себебін немесе түрін анықтау үшін басқа тексерулер:

  • Іш қуысы ағзаларының КТ
  • Іш қуысы ағзаларының МРТ
  • Іш қуысы ағзаларының УДТ(УЗИ)
  • Бүйректің биопсиясы
  • Бүйректі сканерлеу
  • Бүйректің УДТ (УЗИ).


Ауру келесі тексерулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін:

  • Эритропоэтин деңгейі
  • Паратгормон деңгейі
  • Сүйектің денситометриясы
  • Д дәруменінің деңгейі.



Емдеу

Артериалдық қысымды бақылау бүйректің зақымдану үрдісін бәсеңдетеді.

  • Бұл үшін ангиотензин- айналдыратын ферментті тежеушілер (АПФ) немесе ангиотензин рецепторларын басушылар (БРА) тағайындалады.
  • Мақсат – артериалдық қысымды 130/80 мм.сын.бағ деңгейінде немесе одан төмен деңгейін қолдау.


Өмір салтына келесі өзгерістерді енгізу бүйректерді қорғауға және жүректің ауруларының, инсульттің алдын алуға көмектеседі:

  • Темекі шекпеңіз.
  • Майдың және холестериннің мөлшері төмен тағамды тұтыныңыз.
  • Дене жаттығуларын ұдайы орындаңыз (жаттығу алдында дәрігермен кеңесіңіз)
  • Қажет болса, холестерин деңгейін төмендету үшін дәрілік препараттарды қабылдаңыз
  • Қандағы қант деңгейін бақылауда ұстаңыз.
  • Тұз немесе калийді тұтынуды шектеңіз.


Қандай да бір дәрілік препараттарды қабылдау алдында нефрологпен кеңесіңіз. Бұл дәрумендерге, шөптерге және тағамдық қоспаларға да қатысты. Сізді бақылайтын барлық дәрігерлер бүйректің созылмалы ауруына шалдыққандығыңыз туралы білуі тиіс.

Басқа емдеу әдістері:

  • Қандағы фосфордың деңгейінің артуының алдын алу үшін фосфат байланыстыратын дәрілік препараттарды қабылдау
  • Рациондағы темірдің мөлшерінің артуы, темірдің дәрілік препараттары, анемияны емдеу үшін эритропоэтин инъекциялары және қан құю
  • Кальций және Д дәрумені препараттарын қабылдау (қабылдау алдында дәрігермен кеңесіңіз)


Бүйректің созылмалы ауруында арнайы емдәм ұстану ұсынылады:

  • Сұйықтықты шектеу
  • Ақуыздық өнімдердің мөлшерін азайту
  • Тұзды, калий, фосфор, басқа электролиттерді шектеу
  • Салмақ жоғалтудың алдын алу үшін калориялар санын ұлғайту


Бүйректің созылмалы ауруына шалдыққан науқастар келесілерге қарсы вакцина алуы тиіс:

  • А гепатитінен
  • В гепатитінен
  • Тұмаудан
  • Пневмококк инфекциясынан.



Болжамы

Көптеген науқастарға бүйректің созылмалы ауруы диагнозы бүйрек қызметтерінің көпшілігін жоғалтқанға дейін қойылмауы мүмкін.

Бүйректің созылмалы ауруы емделіп, аяғына дейін жазылмайды. Біртіндеп ушығып, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысына дейін жетеді. Симптомдардың даму жылдамдығы келесілерге тәуелді:

  • Бүйректің зақымдану себебіне
  • Науқастың өзіне қамқорлығына


Бүйрек жеткіліксіздігі - бүйректің созылмалы ауруының соңғы сатысы. Бұл кезде бүйрек организмнің қажеттілігін қолдай алмайды.

Емдеуші дәрігер науқаспен гемодиализ өткізу қажеттілігін талқылайды. Шараның орындалуы кезінде алмасу өнімдері жойылады, себебі, бүйрек бұл қызметті орындай алмайды.

Әдетте, диализ бүйректің қызметі 10 - 15% сақталғанда тағайындалады. Гемодиализді өткізу бүйрек алмастыруға күту қағазында тіркелген науқастарға да қажет болуы мүмкін.


Мүмкін асқынулар

  • Анемия

  • Ішектен немесе асқазаннан қан кетуі

  • Сүйектегі, буындағы және бұлшық етіндегі ауырсыну

  • Қандағы қант деңгейінің өзгерісі

  • Қол-аяқтың нервтерінің зақымдануы (перифериялық нейропатия)

  • Деменция (ақыл-естен ажырау)

  • Плевра қуысында сұйықтық жиналуы (плеврит)

  • Жүрек және қантамырлар жағынан асқынулар

  1. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
  2. Жүректің ишемиялық ауруы
  3. Жоғары артериалдық қысым
  4. Перикардит
  5. Инсульт

  • Қандағы фосфор деңгейінің артуы
  • Қандағы калий деңгейінің артуы
  • Гиперпаратиреоз
  • Инфекцияның пайда болуының жоғары қаупі
  • Бауырдың зақымдануы немесе бауыр жеткіліксіздігі
  • Тамақтанудың жеткіліксіздігі
  • Түсік тастау және бедеулік
  • Құрысу
  • Ісінулер
  • Сүйектің әлсіреуі және сыну пайда болу қаупінің артуы.



Алдын алу

Мәселенің себебі болатын ауруларды емдеу бүйректің созылмалы ауруының алдын алуға немесе дамуын кешеуілдету үшін көмектесе алады. Қант диабетіне шалдыққан науқастар қандағы қант деңгейін, артериалдық қысымды бақылауы тиіс және темекі шекпеуі тиіс.


Синонимдары

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі.